Қаламгерлер назарына!
04.02.2020
1054
0

Құрметті қаламгерлер!

Қазақстан Жазушылар одағында наурыз айында дәстүрлі Әдеби жыл қорытындысына арналған жиын өтеді. Осыған байланысты  2019 жылы жарық көрген кітаптарыңызды 10 наурызға дейін Қазақстан Жазушылар одағына, 2-қабат, 10-бөлмеге әкеліп тапсыруларыңызды сұраймыз. Жыл сайынғы Әдеби жыл қорытындысында шығармаларының талқыланбағанына реніш айтып, хабарласатын қаламгерлер көп болады. Сондай түсінбестік болмас үшін көрсетілген уақыт аралығында одаққа 2019 жылы шыққан кітаптарыңызды тапсыруларыңызды сұраймыз!

Аймақтарда тұратын қаламгерлер  кітаптарын мына мекен-жай бойынша пошта арқылы жіберулері керек: 050000, Алматы қаласы,
Абылайхан, 105 үй,  10-бөлме.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір