Мейіз Сәтбаеваға мемориалдық тақта орнатылды
23.11.2019
672
0

2019 жылдың 20 қарашасында сағат 11.00 де геолог, геология-минералогия ғылымдарының докторы Мейіз Қанышқызы Сәтбаеваға орнатылған мемориалдық тақтаның ашылуы өтті.

Мейіз Қанышқызы Сәтбаева (1931-2007 жж.) Ұлытаудың түлегі. 1954 жылы Қазақ кен-металлургия институтын бітірген.

1954-1957 жылдары ҚазКСР Түсті металлургия министрлігінің Түлкібас экс­пе­д­­­ция­сында инженер-геолог болып жұмыс жасаған. 1957-1988 жылдары ҚазКСР Геология министрлігінің Оң­түс­тік Қазақстан экспедициясында инженер-геолог, ҚазКСР ҒА-ның Геология ғылымдар институтында кіші ғылыми қыз­меткер, аға қызметкер, 1988 жылдан же­тек­ші ғылыми қызметкер болып қыз­мет атқарған.

«Өндірістік мысты құмтас кен орында­рының түзілу жағдайлары және минерал­дық қасиеттері» тақырыбына докторлық диссертация қорғаған. Ғылыми еңбектері мысты құмтас кен орындарын зерттеуге арнал­ған. 70-тен астам ғылыми еңбектің, 2 моног­ра­фияның авторы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір