ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ – АРАБ ТІЛІНДЕ
26.11.2019
827
0

 

Жуырда Мысырдың астанасы Каир қаласында қазақ әдебиеті антологиясының араб тіліндегі екі томдығының тұсаукесері өтті.

Салтанатты рәсімге Мысырдың Мәдениет министрі бастаған зиялы қауымы, Мысыр Жазушылар одағы төрағасы бастаған ең мықты қаламгерлері мен аудармашылары, ғалымдар мен журналистер қатысты.

Қазақстанның атынан ҚР Президентінің көмекшісі, аударма жобасының жетекшісі Аида Балаева, Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Арман Иса­ғалиев, Ұлттық аударма бюросының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы, Қазақстан Жазушылар одағының Төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет қатысып, сөз сөйледі. Жиын барысында аудармашылар «қазақ әдебиеті» атты жаңа бір әлемді ашқанын, өте биік дең­гейдегі көркем сөзбен қауышқандарын тілге тиек етті.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір