Бүгін Суретшілер одағының жылдық есеп көрмесі өтеді
12.11.2019
1126
0

Бүгін, 2019 жылдың 12 қараша күні сағат 16.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының ұйымдастыруымен «Қазақстан суретшілерінің жылдық есептік көрмесінің» ашылу салтанаты өтеді.
Көрмеге қазақстандық суретшілердің кескіндеме, графика, мүсін, қолөнер туындылары (гобелен, киіз паннолар, шым ши, кушкон) қойылады. Республикалық көрмеге Алматы, Талдықорған, Қарағанды, Петропавл, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Өскемен өңірінен 130 суретші қатысып отыр. Жылдық есеп көрмесі Абайдың 175 жылдығы мен әл-Фарабидың 1150 жылдығына арналып отыр. Көрмеген еліміздің әр түкпірінен келетін 130 суретшілінің ең таңдаулы жұмыстары қойылады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір