«Берекелі жастар» – ұлт болашағының негізі
14.10.2019
921
0

«Рухани жаңғыру» – жас ұрпақты  отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеудің,  ұлт санасын жаңаша қалыптастырудың басты құжаты. Тұңғыш Президентіміздің бұл  бағдарламасы қазақы дәстүр-салтымыз бен әдет-ғұрпымызды заман талабына сай жетілдіре отырып,  оны жас ұрпақ бойына дарытуды ізгі парыз тұтады. Яғни, ұрпақтар танымын уақыт талабымен ұштастыра өзгертіп жаңаша бағытта тәрбиелеуге жол ашады.

Жеткіншектер арасында прагматизм сипатын қалыптастырумен қатар, олардың қоршаған ортаға деген  жауапкершілігін тиянақты бағыттауды  ұтымды ұйымдастыру үшін «Берекелі жастар» жобасы дүниеге келді. Жоба аясында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын  жүзеге асыруға негізделген көптеген іс-шаралар бар. Жеткіншектердің өз денсаулығын дәрігермен байланыс барысында дұрыс қадағалап, материалдық тұрғыдан өзін-өзі қамтамасыз ету жайы басты назарға алынған. Білімдерін жан-жақты толықтыра жүріп, құқықтық және экономикалық сауаттылықтарын орнықтыру да жобаны іс жүзіне асыру тұрғысында қатаң қадағаланады. Міне, осындай мәселелерді ертеңгі ұрпақ санасына сіңіру үшін арнайы мамандар  тренингтер мен шеберлік сағаттарын өткізеді. Қоршаған ортаны таза ұстау әрбір жеткіншектің парызы екенін түсіндіре отырып, олардың ішкі, сыртқы мәдениетін дамыту да жобаның бір тармағында қарастырылған. Бұл шаралар   14 пен 29  жас аралығындағы жасөспірімдер мен жеке тұлғаларға арналған.  Ауыл жастары мен сутденттер, жоғары оқу орындарына түсе алмай қалған  NET тобындағылар осы бағдарлама аясында тәрбие ошағына тартылады.

Жүзеге асырылар шаралар шеңберінде салауатты өмір салтын сақтауды насихаттайтын танымал блогерлердің қатысуымен шеберлік сағаттарын өткізу, әлеуметтік медиадағы белсенді мамандарды тарта отырып, жастарды инстаграм желісінде кәсіпке үйрету, сондай-ақ психолог мамандардың көмегімен өзін-өзі жеке тұлға ретінде сезінетін деңгейге жеткізетін тренингтер ұйымдастыру жоспарланған. 

БАҚ беттеріне, танымал сайттарға мақалалар жариялау, «Қоқыстарды сұрыптаудың маңыздылығы», «Өзіңнен баста» тақырыптарында материалдар жариялай жүріп, жастар тобын  қоғамдық мәселелерге белсене араластыруды көздейді.

 Қазір қоғамда жастарға арналған түрлі мемлекеттік қолдау бағдарламалары көп. Оның ішінде кәсіпкерлікті дамыту мен тұрғын үймен  қамтамасыз етудің әртүрлі жолдары көрсетілген. Олардың түрлі тетіктерін дұрыс түсініп, игеру үшін де жас ұрпақтың саяси-экономикалық және құқықтық тұрғыдан сауатты болулары міндетті. Міне осының барлығы сайып келгенде жастардың өмір сүру стандарттарын жоғары деңгейге көтеріп, олардың әлеуметтік тұрмысын жақсартуға септігін тигізеді.

«Берекелі жастар» жобасы тиянақты жүзеге асырылуы үшін мемлекеттік тұрғыдан қолдауды қажет етеді. Ендеше, «Жастар – болашағымыз» деп есептейтін облыс, қала басшылары да осы істің тыңғылықты жүзеге асуына қол ұшын береді деп сенеміз.

 Гүлмира Байсекенова, №13 мектеп-гимназиясы

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір