ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ:ИГІ БАСТАМАЛАР ЖӘНЕ НАҚТЫ ҰСЫНЫСТАР
16.10.2019
794
1

Қыркүйектің 2-сі күні ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог –
Қазақстанның тұрақты­лығы мен өркендеуінің негізі» деген атпен Қазақстан халқына жолдаған алғашқы Жолдауы тарих қойнауына еніп үлгерді. Бүкіл қазақ елі құлақ түрген саяси мәні зор, жүгі ауыр стратегиялық құжаттың жалпы мазмұны кімге де болсын аян. Біз төменде осы Жолдауға қатысты басылым беттерінде, әлеуметтік желілерде жарияланған бір  топ пікірді ықшамдап беріп отырмыз.

Ерлан ҚАРИН, Президент кеңесшісі:

МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ КЕҢ АУҚЫМЫН ҚАМТЫДЫ

 – Президент «жай реформа үшін жасалатын рефор­малардың» қажет еместігін, олардың барлығының ақырғы ірі межесі мен елге әкелер игілігі болуға тиістігін нықтады. Демек, жаңа реформалар ойластырылып, дұрыс-бұрыс жақтары таразыға тең тартылып, нақты қаржымен қамтамасыз етіліп іске асырылатын болады деген сенімдеміз. Халықтың биліктен талап етіп отырғаны да – осы. Онымен ел басшылығының ұстанымы үндес шығуда. …Бұл Жолдаудың ерекшелігі сол – бір жағынан, ол стратегиялық сипатқа ие: Парламент, Үкімет, жергілікті билік алдағы уақытта, орта мерзімді кезеңде атқаруы керек жұмыс бағыттары айқындалды. Екінші жағынан, дәл қазір қоғамды мазалаған, ел шешімін күткен ағымдағы көптеген мәселелерге де нақты жауап берілді. Бұл Қасым-Жомарт Кемелұлының ел пікіріне құлақ асу арқылы қоғамның тынысын танып, тамыр соғысын тап баса білетінін көрсетеді. Ол қандай мәселелердің пікірталас туғызып жатқанын түсінеді. Нәтижесінде, Жолдау мәселелердің кең ауқымын қамтыды.

Арман ШОРАЕВ, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, кәсіпкер:

ЖОЛДАУДА ЕҢ ҰНАҒАНЫ – ЖЕРДІҢ ШЕТЕЛГЕ САТЫЛМАУЫ

–ҚР Президенті Қ.Тоқаев халыққа Жолдауында көптеген игі бастамаларды көтеріп, елдің дамуына қажетті нақты ұсыныстар ұсынып, тапсырмалар берді. Оның ішінде – жердің шетелге сатылмауы және бос пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару туралы ұсынысы көңілімнен шықты. Бұл – еліміздің басты қағидасы. Қазір көптеген ауыл шаруашылығы жерлері латифундистердің қолында, яғни бір адам бірнеше мыңдаған жерге иелік етіп алып, оны қолданбауының салдарынан, қаншама ауқымды жерлердің бос жатуы  көптеп кездеседі. Президент осыған тосқауыл қоймақ. …Президент мырза: «саяси реформа болмай, ешқандай экономикалық жетістіктерге қол жеткізе алмаймыз», – деді. Бұл пікір де мені қатты қанағаттандырады. Мемлекет басшысының бұл пікірі – жаңа партияның өмірге келуіне жол ашады деп сенемін. Парламентте тек қана бір ғана партия ғана емес, бірнеше партия болуы және олардың пікірі-ұсынысы тыңдалғаны жөн.

ПІКІРЛЕР1
Аноним 23.10.2019 | 20:23

Қазақстан халқы бар.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір