МАРАТ ТӘЖИН ҚАЛАМГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
10.09.2019
913
1

ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Ақордада Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумына келген қаламгерлермен кездесті.

Жүздесуге Оңтүстік кореялық Ко Ын, катарлық Моза аль-Мальки, моңғолиялық Гомбожавын Мэнд Ооёо, Әзербайжан Халық жазушысы Анар Расулоғлы Рзаев, Ресей жазушысы Анатолий Ким, Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Олжас Сүлейменов, Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет бастаған бір топ қаламгер қатысты.
Мемлекеттік хатшы көпшілік назарын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың форумда сөйлеген сөзінде айтылған негізгі қағидаттарға және оларды іске асыру қажеттігіне аударды. Қонақтар жоғары деңгейде және мазмұнды ұйымдастырылған шараға, Қазақ басшылығына ризашылықтарын білдірді. Форум Азия елдерінің әдеби қауымдастықтары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтатындығын жеткізді. Ардың ісі хақында сөз болған отырыста әдебиет біршама келелі мәселелер қозғалды.

ПІКІРЛЕР1
Аноним 17.09.2019 | 07:27

Бугинги жаналыктар

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір