«Жүрегімнің түбіне терең бойла…»
12.07.2019
1558
1

Абай өлеңдерін оқу жалпыхалықтық сипат алды

2020 жылы ұлы ақын, ойшыл, хакім Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кемеңгердің мерейтойын мазмұнды мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында қаулы қабылдап, жарлыққа қой қойғаны баршамызға мәлім.
Ұлы ақынның мерейтойы қарсаңында ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы мектеп оқушысы Ләйлім-Шырақ Ерланқызынан (белгілі әнші Ерлан Рысқалидың қызы) өлең оқу эстафетасын қабылдап, Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқып, эстафетаны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан әйгілі әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған болатын.
Министр Ақтоты Райымқұлова Абай жырларын оқу эстафетасын Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының Төрағасы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Ұлықбек Есдәулетке жолдады. Одақ Төрағасы «Қараңғы түнде тау қалғыпты» оқып, эстафетаны Семей қаласының әкімі Сәлімов Ермак Бидахметұлына және көрнекті ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Тыныштықбек Әбдікәкімұлына тапсырды. Қазір бұл бас­тама жалпыхалықтық сипат алып үлгерді.

ПІКІРЛЕР1
Қажы мұқамбет қаракедей 16.07.2019 | 10:57

Абайыңды абайлап
Аударғам мен тамамдап
Парсы тілде жырламай
Жүрген еді мадақтап
Парсы тұрсын қазатар
Бұны оқымас парақтап
Веблогімде ілулі ол
Абайдайын қалған тақ

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір