"Қазақ әдебиеті" — Қазақстан Республикасының әдебиет, мәдениет және өнер газеті. Әр апта сайын, жұма күні шығады.
Газет 1934 жылдың 10 қаңтарынан бастап шыға бастады. «Қазақ әдебиеті» газеті — Қазақстан жазушылар одағының органы ретінде тұңғыш саны 1934 жылдың қаңтарында жарық көрген.
«Қазақ әдебиеті» - газетінің тарихы


21 маусым Қазақстан Жазушылар одағында «Балалар әдебиеті» кеңесінің отырысы өтті. Қазақстан Жазушылар одағы басқарма Төрағасының орынбасары, белгілі ақын Бауыржан Жақып, «Әдебиет» баспа үйінің директоры Ғалым Қалибек, «Әдебиетшілер үйінің» директоры Бейбіт Сарыбай және елімізге белгілі қаламгерлер Тұрдахун Жексенбай, Арасанбай Естенов, Ділдар Мамырбаева, Серік Нұғыманов, Қанат Қайым, Нұрдәулет Ақыш, Асылан Тілеген қатысқан бұл басқосуда балалар әдебиетінің бүгінгі жай-күйі талқыланып, әртүрлі ұсыныстар айтылды.





Студия «Team28»