төраға ұсыныстары талқыланды
25.02.2025
78
0

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ҚЖО Қостанай облыстық филиалының директоры, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Жанұзақ Аязбекұлын қабылдады.

Өңірдегі маңызды әдеби жобалар, оның ішінде, Міржақып Дулатовтың 140 жылдығы, Ыбырай Алтынсарин атындағы дәстүрлі байқау, «Қазақ әдебиеті» және басқа да әдеби басылымдардың бастамалары және өзге де рухани іс-шаралар талқыланды. Одақ өкілі өз кезегінде өңірдегі әдеби ахуалдың жай-күйін сөзге тиек етті.
Әкіммен кездесуде Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов облыс әкімінің жергілікті қаламгерлерге деген қолдауына ризашылығын жеткізе отырып, оның нақты ұсыныстары талданды. Нәтижесінде, тиісті оң шешімдер жасалды.
Атап айтқанда, биылдан бастап өңірдегі Одақ мүшелеріне облыс әкімінің стипендиясы тағайындалып, берілетін болды. Елең етерлік елеулі жаңалық, Тобыл-Торғай ақын- жазушыларының көптомдық антологиясын шығару үшін қаражат бөлініп, биылдан бастап алғашқы томдары шығарыла бастайтыны анықталды.
Сонымен қатар көрнекті жазушы-педагог Спандияр Көбеевтің таңдамалы шығармалары жарық көрмек.
Бұрын жеке дара кітаптары басылмаған, облыстағы дарынды жас ақындардың тұңғыш жинақтары да қалың оқырманның көзайымына айналатын болды.
Кездесу барысында облыс әкімі Қазақстан Жазушылар одағының облыстағы өкіліне офис, бірлік штат та қарастылатынын айтты. ҚЖО төрағасының бұдан басқа да облыс әкімдеріне қарата айтқан ұсыныстары назарға алынатынын, алдағы уақытта өз кезегімен шешіле беретінін аңғартты.
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өз сөзін:
«Қостанай облысы – мәдениет пен руханияттың дамуына өлшеусіз үлес қосқан талантты ақындар мен жазушылардың туған жері. Әдебиет пен шығармашылықты қолдау – біздің басты басымдықтарымыздың бірі болып қала береді», – деп түйіндеді.

Өз тілшіміз

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір