«Латынәліпбилі қазақ жазуын меңгеру» конкурсы өтті
26.06.2019
614
0

Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы «ЛАТЫН» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен студенттер мен магистранттар арасында «Латынәліпбилі қазақ жазуын меңгеру» атты конкурс өтті.

Конкурс латын графикасына негіздел­ген ұлттық әліпби мен емле ережесін бастапқы деңгейде игерудің талаптары мен ерекшеліктерін сарапқа салды. Конкурс үш түрлі тапсырмаларды қамтыды: оқылым, жазылым, тесттік бақылау.
Конкурс жұмысына әліпби мәселесі­мен айналысып жүрген әл-Фараби атындағы ҚазМУ, Қыздар Ұлттық педагогикалық университетінің, Қазақ-Британ университетінің мамандары және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқытушы-профессорлар құрамы қазылық жасады.
Байқауға Филология және көптілді білім беру институтынан 33 білім алушы қатысты. Олардың ішінде 1-4 курс студенттері мен магистранттар болды. Нәтижесінде 4-курс студенті Капарова Эльнара – 1-орын, 2-курс студенттері Сұлтанбек Дулат пен Абаева Камила – 2-орын алса, 3-орынды төрт студент өзара бөлісті. Конкурс соңында «ЛАТЫН» ғылыми-практикалық орталығының директоры, профессор Ф.Ш.Оразбаева қатысушыларға сертификаттар мен әділқазылар алқасына алғысхаттар тапсырды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір