ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙІ ШИПАЖАЙҒА АЙНАЛДЫ
Ақын-жазушылар қоғамның алақанында әлпештелген соноу жылдары қаламгерлердің арнайы Шығармашылық үйі болды. Бұл үйде заманауи қазақ әдебиетінің іргетасын қалаған алыптар шоғырының қатарында есім-сойы сол тұста ауызға іліне бастаған жас ақын-жазушылар да жыл он екі ай жата жастана демалып, шығармаларын жазып қайтатын.
Өкініштісі: әлгі игіліктен Жазушылар одағы тоқсаныншы жылдардың тоқырауында айрылып қала жаздаған-ды. Алайда, одақ басшылығы әупіріммен Шығармашылық үйінің басын ұстап отырды, шетелдік компанияларға жалға берді. Әйтсе де, ол үйден қаламгер қауымы қол үзе бастаған-ды. Одақтың жаңа басшылығы бұл олқылықтың орнын толтырып, кеше Шығармашылық үйін қайтадан ашты. Енді Шығармашылық үйі жазушыларға, тек жазушылар ғана емес, дертіне – дауа, жанына – шипа іздеген немесе денсаулығын нығайтып демалатын көпшілікке қызмет түрлерін көрсететін болды. Орталықтың ашылу рәсіміне Әбдіжәміл Нұрпейісов, Қабдеш Жұмаділов, Бексұлтан Нұржеке-ұлы, тағы да басқа қаламгерлер қатысты.
«Іле Алатауының бөктерінде орналасқан «Әл-Фараби» емдеу-сауықтыру орталығы деніңізге саулық, дертіңізге шипа сыйлайды. Таза табиғат аясы сіз үшін таптырмас демалыс орны да. Біздің кәсіби мамандар келушілерге қалтқысыз қызмет көрсетуге дайын. Орталығымыздың қонақүйінде мейрамхана, конференц-зал, ойын-сауық бөлімі және балалар алаңқайы да бар», – дейді Шипажай қызметкерлері.
Мекен-жайы: Алматы қ., Медеу ауданы, Тайманов к. 222 «а»
Байланыс нөмірі: 8 705 747 47 47; 8 727 386 77 83
Электронды пошта: b.kadyrovna@mail.ru
Сондай-ақ орталық жайындағы мәліметтерді www.hotelalfarabi.kz сайтынан біле аласыздар.