Талап пен талғам
24.10.2015
3015
0
Есей Жеңісұлы
62488_1891748424_12055304_1645904709027450_636413832_o
Жалпы, қазақ оқырманы о бастан қаламгерге үлкен талап қояды. Қазақ атырабындағы оқырман мәде­ниеті қалыптаса бастағалы небары бір ғасырдың ар жақ-бер жағы болса да, біздің оқушы жазушыдан күтетін белес өте биік. Бұған себеп – отаршылдар халықтың жады­сын қанша тазартқысы келсе де, ең бастысы, өзіне-өзі өте се­німсіз ұлт еткісі келсе де, қа­зақтың тарихи жадының кө­нер­­мегендігі болар. Әйтпесе, қазақ әдебиетінде «Ла-Манштан шық­­қан Дон Кихот», «Содом мен Гоморра», т.б. осыдан 4-5 ғасыр бұрынғы тасқа басылған әдеби үлгілер болған жоқ. Тіпті, арғыны бері қойғанда, ХІХ ғасырдағы орыс әдебиетінің классикалық шығармалары іспетті дүниелер бұл кезде қазақ санасында толғатып та жатпаған еді. Сөйте тұрса да, алғашқы романы 1910 жылы ғана жазылса да, қазақ оқырманы қаламгер­лер­ден әлемдік биік шығарма күтуге тез бейімделді. Бұған Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Әуезов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, т.б. ХХ ғасыр басындағы алыптардың өте биік өлшемді бірден қалыптастырғаны да себеп.
Содан да болар, осы күні шынайы оқыр­­­­манның қатары селдіреп қалса да, олар бір оқығанда тамсантып, кейін қарын аштыратын дүниелерге бұрылып та қара­майды. Қазақ оқырманы қаламгердің мүм­кіндігін бірден межелейді. Мән беріп қа­расаңыз, осы күні қайта-қайта басылып жат­қан қазақ әдебиетінің жауһарлары ішін­де уақыт сынымен әбден сұрыпталған, електен өткен, мойындалған шығармалар ғана бар. Демек, авторына ғана шығар­ма­шылық ләззат сыйлап, белгілі бір уа­қыт­та ғана назарда болған дүниелер өз-өзі­нен сыпырылып қала бермек.
Оның үстіне, қазір бұрынғыдай әр бас­па табаққа тонналап тиын алатын уақыт емес. Проза жанрында жанкештілер ғана ең­бек ететін кез келеді. Қазір әулеттік ме­муарлар, естеліктер жазылатын уақыт. Қал­тасы қалың баласының «бос отырған шал­ға ермек болсын» деп шығарып берген кі­таптарын аудандық оқу бөлімдері мұға­лім­дерге сатып жатыр, сатып жатыр. Сөй­тіп, тамсанып оқитын, оқығысы келетін на­ғыз оқырманды азайтып жатыр, азайтып жатыр.
Ал қайталап оқитын шығарма қазақта аз емес. Әуелгі көшті «Бақытсыз Жамал» (М.Дулатов) бастайды да, Жүсіпбектің «Ақ­білек», «Қарт Қожақ», «Күнікейдің жазығы» ро­ман-хикаяттарымен жалғасады. Мағ­жан­ның «Шолпанның күнәсі» – қазақ әң­гі­месінің көнермес үлгісі. Шындығын айт­­­қанда, осы «Шолпанның күнәсін» отырып жазу өнеріне машықтанған алғашқы 10 жылдың туындысы дегенге сенгіңіз кел­мейді. Демек, жазу өнерінде біз өз әлеуе­тіміз бен мүмкіндігімізді сарқа пай­да­ланып көрмеген ұлтпыз. М.Әуезовтің «Же­­тім», «Қорғансыздың күні» әңгімелерін әр дәуірдің шындығы тұрғысынан қайталап оқи беруге болады. «Абай жолын» айтпаған күннің өзінде. Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өл­ке­сін» қайта-қайта оқып, қазақтың эко­номикалық білігінің өмірмен қалай астас­қанын, қазынасының қолынан қалай су­сы­ғанын түсіне беріңіз. Сосын 60-70-80 жыл­дарға жылжып келесіз де, қазақ әде­биетінің ырғын молшылығына кезігесіз.
Қазір ше?
Менің ойымша, қазіргі талғамы биік оқыр­манға өте мобильді, жинақы, түпкі ойы философиялық толғамдармен емес, кейіп­керлерінің, онда да сансыз кейіп­кер­лерінің әрекетімен түсіндірілетін шығар­ма­лар керек. Қазіргі әлемдік әдебиет үл­гі­­лерінде неше түрлі эксперимент бар. Х.Хоссейнидің мозаикаларын, С.Джио мен С.Ахерннің нәзік те сентиментальді проза­сын, Ф.Бегбедердің дөрекі ақиқатқа то­лы хикаяттарын, Б.Вербердің ұшқыр қиялын, Г.Мюссоның оқиғасы тым шалт та жылдам ро­мандарын тамсанып оқи бермей, осы үлгі­лерді өзімізге де лайықтауымыз қажет. Қай­талап оқуға ұялмайтын қазіргі дәуір шы­ғармаларын күтіп отыра беру орынсыз.
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір