Президент Жазушылар одағының төрағасын қабылдады
31.05.2019
826
0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулетті қабылдады.

Қазақстан Президентіне әдебиеттің қазіргі жағдайы мен дамуы, Жазушылар одағының атқарған жұмыстары және алдағы жоспары жөнінде мәлімет берілді.
Сонымен қатар Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет биыл елімізде өтетін Азия елдері қаламгерлерінің фору­мына дайындық мәселесі жайлы баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық руха­ни әлеуетті ілгерілету ісінде ақын-жазу­шылар қауымы маңызды рөл атқара­тынын атап өтті.
Соңында Мемлекет басшысы Жазу­­­шылар одағының жұмыстарына жоға­ры баға беріп, қаламгерлерге шығарма­шылық табыс тіледі.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір