ЖАС ДРАМАТУРГТАРҒА МҮМКІНДІК БЕРГЕН АБЗАЛ
02.05.2019
1115
0

Қолғанат Мұрат

Әдеби жыл қорытындысына арналған жиында 2018 жылғы қазақ драматургиясы туралы М.Әуезов Қазақ Ұлттық академиялық драма театрының әдебиет бөлімінің қызметкері, драматург Қолғанат Мұрат баяндама жасады.

Баяндамашы ең алдымен кейінгі уа­қыт­­тарда көптеген қаламгерлеріміздің дра­матургия бағытында қалам тербеп жүргендері көңіл қуантарлық жайт екенін айтып өтті.
«Қазақстанда алпыстан астам театр бар десек, сол театрларда қазақ авторларының шығармаларының сахналануы біз үшін зор мәртебе».
Драматург өнер ұжымдарының былтырғы репертуарларын сараптай келе «қазақ театрлары әлі де болса уақыт өлшемінен өткен шығармаларды қоюға ынталы» деген пікірге келгенін тілге тиек етті.
Әріқарай Қ.Мұ­рат өткен жылы сах­наға шыққан жа­ңа қойылымдарға тоқ­талды:
«Сұлтанәлі Балға­­баевтың «Ене­лер мен келіндер» ко­медия­сы, Рақым­жан Отарбаевтың «Ғабит» драмасы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ балалар және жасөспірімдер театрында, Иран-Ғайыптың «Бөшке», «Диоген мен Ескендір» спек­такльдері, Қанат Жүнісовтің «Алғашқы махаббаты» Ақтау облыстық музыкалық драма театрында, «Сағыныш шөбі» спектаклі Алматы қаласының мем­ле­кеттік қуыршақ театрында, Исраил Сапарбайдың «Ауылдан келген ару» пьесасы Н.Бекежанов атындағы Қы­зылорда облыстық қазақ музыкалық дра­ма театрында, «Мә­ж­нүн» лирикалық дра­масы Өскемен жас­тар театрында, Ба­қыт Беделханның «Ұлым, саған айтам» моно-драмасы М.Әу­езов атындағы Қа­зақ мемлекеттік ака­де­миялық драма театрында, Тынымбай Нұрмағанбетовтің «Табалдырығыңа табын» драмасы Өскемен жастар театрында, Сәбит Досановтың «Мәншүк» драмасы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында, «Ақ бас бүркіт» І.Омаров атын­да­ғы Қостанай об­лыстық қазақ драма театрында, Мархабат Байғұттың «Асқаровтың ақ қайыңдары» спектаклі мен Ерлан Әлімжанның «Әйелдер бір іс бастады» комедиясы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында, Роза Мұ­қа­нованың «Ешкім де кінәлі емес» драма-абсур­ды, Ғалым Жай­­лыбайдың «Қа­ра орамал» поэ­ма-реквиемі Сә­кен Сейфуллин атын­дағы Қара­ған­ды облыс­тық қазақ драма теат­рын­да, Бақыт Қайыр­бековтің «Достар серті» мюзиклы Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында сахналанды».
Баяндамашы бұдан соң қай заманда болсын ұлт өнерінің болашағы – жастар екенін еске сала келе, драматургия бағытында алғашқы пьесалары үлкен сахнаға шыққан жас драматургтерді атап өтті…

(Толық нұсқасын газеттің №17 (3651) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір