МЕНІҢ ДЕ ЕСІМІМ – АХМЕТЖАН
Азат ӘКІМ
Азат Әкім дұрыс мегзеп отыр:
адастар атыспайды, шабыспайды. Танысады, түбі табысады. Ал, екінші әңгімедегі жаһанданудың жылмағай иіріміне жұтылып жатқандарды қайтеміз. Қайсыбір жастарымыз әке, шеше пікірімен санасуды да әдіре қалдырған. Олардан енді қазақылықтан, ұлттық дәстүр-салт атаулыдан үміт күтудің қажеті жоқ. «…Туа шөгіп» жатқандар ғой. Азат «Бұзаутіспен» азу тісін ақситпай-ақ жон арқадан аямай таспа тілген екен…
Ахметжан жүк көлігімен станса іргесіндегі Берекет елді мекеніне киіз үйдің кереге, уық, шаңырақ сияқты керек-жарағын апара жатыр. Жүгін түсіретін үй-ішінің тұрғылықты жеріндегі шабындықтан орған, баулаған пішенін де алдын ала келісім бойынша қорасына тасып бермекші. Берекетке апаратын жолға түскенінде біресе бір қолын көтеріп, біресе екі қолын кеудесіне айқастырып қойып, ілестіре кетуін сұрап тұрған жолаушыны көрді. Жасы өзімен қатарлас жігіт көлігіне жайғасқасын Ахметжан сөз бастады.
– Бала-шаға аман-есен?
– Шүкір, аман-есен.
– Мен аудан орталығында, стансада тұрамын.
– Мен де стансада тұрамын.
– Танысып-білісіп отырайық, есімім – Ахметжан.
– Менің де есімім Ахметжан.
– Тегім қожа.
– Мен де қожамын.
Азды-көпті уақыт үнсіздік орнады. Оның себебі, жолаушы езуінің ұшында мысқыл күлкі бар сияқты, өзін кекетіп-мұқатып отырғандай көрінгесін жүргізуші мінгестіріп алғанына іші ұлып келе жатты.
– Стансада Сәтбаев көшесінде тұрамын, – деген Ахметжан жылдамдықты бәсеңдетті. Қарсы алдарында көкала ат мінген, бір үйір қойды алдына салып, айдап келе жатқан ақсақалдың бір қапталынан айналып өтуге тура келді.
– Мен де Сәтбаев көшесінде тұрамын.
– Мен тоғызыншы үйде тұрамын.
– Мен де тоғызыншы үйде тұрамын.
Жүргізуші Ахметжан көлігін кілт тоқтатты. Сауапты, ізгі істі бастар алдындағы қысқа дұғасын күбірлеп оқи салысымен ашу-ызасы бетіне ойнап шыға келді.
– Сенікі не қылжақ? Қолағаштай мұрныңды бет қылайын ба әлде?
– Сен сұрадың, мен жауап бердім, – деді жолаушы Ахметжан. Бағанадан бергі сұраққа жауабының айна-қатесі жоқ. Сәтбаев көшесіндегі тоғызыншы үйде тұратыны рас. Бірақ Сәтбаевқа жапсарлас орналасқан Сәтбаев атындағы тұйық көше еді тұрып жатқаны…
(Толық нұсқасын газеттің №16 (3650) санынан оқи аласыздар)