Жұрт тыныш болсын!
12.04.2019
876
0

Бүгінде бүкіл қазақ елі, қазақ елін танып-білгісі келетін төрткүл дүниенің әр түкпіріндегі барша жұрт ерекше зер салып, жіті назар аударып отырған бір шындығы бар. Ол қазақ елінің жаңа Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел басшысы ретіндегі алғашқы сапарларын қалай бастап, қайда баратыны және алғашқы кеңес-жиындарда қандай бағыт-бағдар ұстанатыны, не айтатыны жайында.

Бұл орайда ел басшысы өзінің Президент лауазымындағы ал­ғашқы сапарын киелі Түркістан­нан бастап, Түркістан – тек қа­зақ халқының ғана емес күллі түркі жұртының қасиетті мекені, аса жауапты сәттер мен күрделі саяси шешімдер қабылдайтын уақыттарда тәу ететін қасиетті орын – сан ғасырлық адамзат шежіресінің куәгері және өркениет жауһары екенін бүкіл әлемге тағы бір паш етті.
Облыс әкімдерімен өткен кеңесте әкімдерге халыққа жа­қын болуды, жұртты мазалаған мәселелерге жедел жауап қайы­руды тапсырды. Барлық деңгейдегі әкімдерге қатысты бұл тапсырма шенеуніктерге халықпен қарым-қатынастың дереу жаңа форматына көшуді, ашық және шұғыл әрекет етуді жүктейді.
Бұрынырақта, әлеуметтік желілерде ара-тұра айтып жүрген:
– Бізге даңғазалықты доғарып, ысырапшылдықтан арылу қажет…
– Ең алдымен, қазақ тілін және орыс тілін оқыту жүзеге асырылуы тиіс. Біздің балаларымыз үшін мұның мәні зор. Содан кейін ағылшын тілін үйретуге болады, – деген ой-тұжырымдарын тағы да нақтылап, қадап-қадап тұрып ашық айтты…

Ырым Кененбай,
«Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері

(Толық нұсқасын газеттің №15 (3649) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір