Әкем менің…
29.03.2019
347
0

Редакциядан: Бойынан жусан иісі бұрқыраған қазыналы қарт, батагөй ақсақал ҚР-ның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы іссапарын Атыраудан бастағанда аңқылдап алдынан шығып, маңдайынан сүйген еді. Ол Тұманбай Сәтмағамбетұлы болатын. Бұл күнде Тұманбай қарт жоқ. Бірақ дана келбетті қария туралы естеліктер қалды…

Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құ­лы­ным?» повесінде: «Дүниедегі ең мықты, әрі ақылды, әрі мың жасайтын тек қана ме­нің әкем екенін, менің әкемнен асқан адамды осы жасыма дейін көрмегенімді, талай ауылды, талай қаланы аралап сандалсам да тап­па­ғанымды, тіпті енді мың жылдан соң да та­ба алмайтынымды, өйткені әкем мені дү­н­иеге әкелгенін, өйткені менің әкем…» – де­ген жолдар бар. Осынау повестегі жылы сөз­­дер әкеме арнаған менің сөздерім сияқ­танатын.
Алаңсыз балалық шақтың шуақты сәт­те­ріне әкем онша көп шомыла қоймапты. Төрт-бес жасында анасынан айырылған ол, ара­­ға екі жыл салып әкесіне ілесе Үстірт ас­ып, түрікмен жеріне барып бас сауғалаған. Ұр­па­ғым үзілер деген үреймен жалғызын май­данға жібермей, жат өлкеде шыбын жанын шүберекке түйе отыз жылдай бой тасалап жүрген иманды болғыр Сәтмағамбет атамның сол кездегі нар тәуекелі ерлікке па­ра-пар екен-ау. Әкем кей уақыттарда ғұ­мыр бойы бала-шағаның қамы үшін тыр­банған бейнетқордан гөрі, дала философына көбірек ұқсар еді. Шешіле сөйлеп кетсе ат­ты­ға жол, ауыздыға сөз бермейтін от тілді ше­шен екен. Елеусіздеу жерде елеулі ғұмыр кешкен әкемнің нұрлы дидарын сұп-суық топырақтың жапқанына да он жыл өте шы­ғыпты. Аспан асты, жердің бетінде мәңгілік ештеңе жоқ. Кеудесінде жаны бардың бар­лы­ғы бұйрықты күні орамалын қимай бұл­ғап, ана ауылға асығыс аттанып кете береді. Иә, тұтас жұртты қынадай қырған сол бір бұл­ғақ жылдары қай қазақтың баласы туған жерін тастап, өзге елге жылыстамады дейсің. Кім­нің әкесі бейнет кешіп, адал еңбектенбеді дерсің.
2001 жылдың қаңтар айында әкемнің Президенттің шақыруына бара алмаған­ды­ғын естідім. Араға көп уақыт салмай, ауылға жеттім. Ол кезде Аққұдықтан елдің ауа көш­пе­ген кезі. Папам мәз-мейрам болып отыр. «Миялыдан Жәдігер деген інім келді. Аудан басшыларының бірі көрінеді. Өткен жылғы су тасқыны кезінде қайтыс болған баланың әкесі екен. Артының қайырын сұрадым. Жал­ғызынан айырылып қалған қиын ғой», – деп бір қайырды. «Президенттің қабыл­дауында бола алмай қалдым-ау», – деген өкініш мүлдем жоқ. Әңгіменің арасында «Ас­танаға неге бара алмай қалғандығының» се­бе­бін сұрадым. «Ой, балам-ай, қыстың көзі қырауда патша шақырды екен деп, жолға шыққаным жарамас. Әйтпесе, әкім бала Ас­та­наға дейін қолтықтап барайын деген. Олай-бұлай болып кетсек, елдің күлкісіне қалармыз. Оның үстіне он жыл бұрын бір ауыз тілек айттым екен деп, іс басындағы аза­маттың мазасын алғаным сақалды басыма жараса қоймас», – деп кесіп айтты. Қала көрген, саясаттан азды-көпті хабары бар еп­­тілеу біреу болса, мұндай сәтті уыстан шы­­ға­рып алмаудың қамымен етегіне сүрінер еді. Ал әкем өйткен жоқ. Ұсақ­талмауды ойлады…

Кенжебек ТҰМАНБАЙҰЛЫ

(Толық нұсқасын газеттің №13 (3647) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш e-mail не будет опубликован.

Пікір