Жақсы әйел
08.03.2019
1786
0

Омар Жәлелұлы

Жақсы әйел туралы қазақ руханиятында мың-миллион сөз, өлең-жыр, мақал-мәтел бар. Кесімді сөзді Мәшһүр Жүсіп айтады: «Ер жігітке Құдай Тағаланың тарапынан бұйырылған несібелердің ішінде иманды әйелден артық несібе жоқ», – дейді. Және айтады: «Құдай оңғарайын деген пендесіне қатынын лайықты қылып жолықтырады», – дейді. Рас сөз. Қазақ руханиятын жіті көзбен шола қарар болсақ, бүткіл қоғам иманды әйелді тәрбиелеп, өсіріп, бағып-қағып, қадағалап отырған. Иманды әйел қазақ қоғамы үшін тек қана құндылық емес, ғұмырлы болудың алғышарты еді.

Ер адамның ең осал жері, Ахилес­тің өкшесі – осы әйел. Қазақ қоғамы өзін сақтап қалу үшін, басқа жат мәдениеттерге жұтылып кетпеу үшін, өмір үшін болатын бітіспес майданда бәсекелесінен жеңіліс таппау үшін иманды әйел мәселесін майшаммен қарап, бір сәтке де қалғымай сергектік танытты. Орыс отаршылдығы қазақ­тың қолындағы осы қуатты қаруды – иманды әйелді жұлып алды. Сахнаға иманды әйелдің орнына «оқығ­ан әйел» шықты. «Хатты зорға танитын, осы күнгінің он оқыған қызына бергісіз» Шұғаның орнына байын көшір қылып, өзі би болып Раушан коммунистер шықты. Қуатты қаруы­нан айырылған қазақ коғамы сорлап отыр. «Қатын би болды, сиыр пұл болды. Қарап тұрған жігітке қыз өзі артылатын болды». Ең сорақысы – «қатын би болғанда, еркек и бола­ды» екен. И болдық. Жұмсарып кеттік. Еркектік энергиясы тасып тұ­ра­тын, бір қарағанда ұрғашы атау­лыны қалың сайтанды жусатқандай жым қылатын қазақ еркегі төмен етекті ұрғашының алдында күмілжіп, мысы басылып, көзін төмен салатын болды. Төрде ілініп тұратын еркектік бастаудың символы, еркектің айбары мен сұсы, қадірі мен қасиеті – Қамшы босағада қалды. Тыныштықбек ағам дұрыс айтады: бұрынғы қазақ мә­дениеті – аталық мәдениет еді: ата кәсібіміз болатын, атамыздың асын ішіп, аталы сөз айтушы едік. Ендігі қазақ аталы сөздің орнына «қатындық әңгіме» – нәпсінің әңгімесін – ішсем, жесем, ұйықтасам төңірегіндегі әңгімені айтатын болды. Жалпы қоғам «қатындана» бастады. Бірден түсіндіре кетейік: «қатын» деген сөз бұл жерде ауыспалы мағынасында, метафора ретінде қолданылып отыр; дене, дененің жаны – нәпсіні қазақ ру­ханиятында «қатын» дейді. Ал, Құ­дай­дан келген, ертең Құдайға қайта­тын, сондықтан да тек Құдайды талап ететін жанды – Ер дейді. Дәлел ретінде қазақ руханиятының «дәрі­гері» Шәкерімді алға тартамыз:
Ал енді сипатталық көңілді біз,
Ескеріп бұл сөзімді жақсы ұғыңыз.
Жан мен дене – қосылған ерлі-қатын,
Екеуінен туады көңіліміз.

….

(Толық нұсқасын газеттің №10 (3644) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір