КӨШПЕЛІ ТАЛАНТ
08.03.2019
1444
0

Кино саласының тағы бір жарық жұл­дызы – режиссер Жанар Сағатқызы. Ол 1969 жылы Шыңжаңның Үрімжі қаласында дүниеге келген. 1986 жылы Шыңжаңда түсірлген «Жетім қыздың махаббаты» атты кинода ол бас кейіпкер Ғаинидың рөлін алып, өнердегі алғаш қадамын әртіс болудан бастайды. Осы кино оның арма­нын орындауға, айналасына танылуға, Бейжіңдегі Орталық театр институтына оқуға түсуіне мүмкіндік туғызды. Жанар­дың таланты мен ынтасын байқаған жо­ғары оқу орнының басшылары көп өтпей оны Мәскеудегі мемлекеттік кино инс­титу­тына режиссерлік мамандығына оқуға жібереді. Өз саласын тапқан, жаңа ортадан өзіне керекті білім жинаған Жанар диплом жұмысы ретінде «Аптаның сегізінші күні» атты фильм түсіріп, әріптестерінің, кино сыншылардың алқауына бөленеді. Мәс­кеуде 9 жыл тұрған ол орыс тілін өз бетімен үйреніп, Совет одағы ыдыраған тұста құ­рылған «Бейбітшілік» телеарнасындағы «Мир» каналында орысша жаңалықтар жүргізеді. Үнемі ізденісте жүретін Жанар 1994 жылы Ресейде «Қызыл шие» атты киноның түсіріліміне көмекші режиссер болады. Осыдан кейін көп өтпей, бір жыл ішінде (1998-1999 жылдар) Н.Островс­кий­дің романына негізделген «Құрыш қалай шынықты?» фильмін түсіруге режиссерлік етіп, өз есімін кино тарихына алтын әріп­пен жазды. Аталған фильм 2011 жылы Бү­кіл қытай мемлекеттік кино-фильм фестивалінде «Фитян», «Алтын бүркіт» сыйлықтарын жеңіп алды. Міне, осыдан кейін Жанардың есімі мен «Құрыш қалай шынықты?» фильмі егіз ұғым болып кетті…

Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН

(Толық нұсқасын газеттің №10 (3644) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір