Коньки ең алғаш қазақ жерінде жасалған
01.03.2019
1889
0

Сүйінші, Алаш жұрты! Археологтар конькидің әу баста қазақ жерінде жасалғанын дәлелдеді. Бұл жайт Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылғандай, зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келмегенін, керісінше, көпшілігі осы кең-байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралғанын нақтылай түсті. Қызықты жаңалықты «Қазақ әдебиеті» газетінің тілшісіне Еуразия Ұлттық университеті Археология және этнология кафедрасының меңгерушісі, тарихшы-ғалым Ұлан Үмітқалиұлы әңгімелеп берді.

Қазақ жеріндегі археологиялық қазба жұмыстары кезінде (О.А.Кривцова – Гракованың қазбалары нәтижесінде) ең алғаш 1948 жылы Қостанай қаласынан 20 шақырым жерде – Тобыл өзенінің бойындағы Садчиковск қола дәуірі қонысының жертөлелерінен сүйек коньки табылған болатын. Алайда, бұл жаңалық дүйім жұртқа насихаттала қоймады. 1964-1968 жылдар аралығында қазақстандық белгілі ғалым Әбдіманап Медеуұлы Оразбаевтың зерттеулерімен қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Аймақ ауылының маңында орналасқан Шағалалы қонысынан төрт сүйек коньки табылды. Ғалым осынау тарихи жәдігерлерді терең зерттеп, 1965 жылы 18 қарашада Мәскеуде жарық көретін «Кеңестік өмір» журналына «Конькам – три тысячи лет» атты мақаласын жариялады. Сол арқылы қазақ жерінің 3 мың жыл бұрынғы тұрғындары сүйек коньки тепкенін дәлелдеген еді. Бұл жаңалық әлем жұртын таңғалдырып, шетелдерден сүйек конькидің мән-жайын толығырақ жазу жөнінде өтініш білдірген хаттар ағылған болатын…

Мәдина Серікқызы

(Толық нұсқасын газеттің №9 (3643) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір