Құпия актер
27.02.2019
1420
0

Қазақстанның Халық артисі Досжан Жанботаев туралы театртанымдық толғау

Актердің шығармашылық портретін сөзбен жасау аса күрделі жауапкершілікті талап ететіні рас. «Қайда туды, қайда оқыды, кімнен білім алды?» деп тізбектей беру көркем сөздің көрігін қыздыра қоймас. Бірақ актердің өзіне ғана тән дара дарынын, шеберлік ерекшелігін дөп басып дәріптеу – қиынның қиыны. Себебі, актер табиғаты құпия.

…Д.Жанботаевтың тағы бір қыры – ұстаздығы. Оның тәлімін алған актерлар қазіргі таңда Серәлі Қожамқұлов театрының негізгі репертуарының жүгін арқалап жүр. Ұстаздыққа театрдың қамы мен болашағын ойлағаннан келген Досжан Әбдірәлімұлы Жезқазғандағы оқу орнының бірінен актерлік бөлім ашты. Әрине, «ашты» деген сөз айтуға ғана жеңіл. Аудандық, облыстық білім беру департаменттерінің табалдырығын тоздырды, тіпті, ҚР Білім және ғылым министрлігіндегілерді де аз мазалаған жоқ. Қажымай-талмай жасаған еңбектің нәтижелі жемісін бүгін Жезқазған жұртшылығы көріп отыр. Сол жолы ашылған актерлік бөлімде білім алған тоғыз студент театрдың іргесін нықтады. «Ұстаздыққа да ойламаған жерден араласқан мен, өзім оқыған кезімді еске түсіруден бастадым. Бар білгенімді соларға беруге тырыстым. Оларды байқампаздыққа, рольді зерттеуге тәрбиеледім. Өнерге баули жүріп, өзім де көп нәрсеге басқаша қарауды үйрендім», – деп ағынан жарылады сахнагер.

Меруерт Жақсылықова,
театртанушы, өнертану кандидаты

(Толық нұсқасын газеттің №8 (3642) санынан оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір