Күз келгенде ауыл жақты аңсаймын…
25.01.2019
305
1

Жангелді НЕМЕРЕБАЙ

Қара шаңырақ

Қаншама жыл қол бұлғап күтіп алдан,
Қарсы алғанмен қаладан үкілі арман.
Ауыл қалды, ауылда үйім қалды,
Шаңырағына атамның рухы қонған.

Ауыл қалды, мен туған үйім қалды,
Құшағына сыйдырған дүйім жанды,
Әлди әнін анамның алғаш естіп,
Білген кезім Құдайға сыйынғанды.

Ертелі-кеш ескі үйде елеңдейтін,
Ата-анамның әлі де көрем кейпін.
Олар кетті өмірдің кілтін беріп,
Ал мен кеттім көшпенен «өлең» дейтін.

О, киелі кереге – кең керілер,
Сенде ешкім жоқ, біздерді келмеді дер.
Сені сақтап қалмадым,кешіргейсің,
Болмаған соң менде ерік,менде жігер.

Ұл мен қызы мың шүкір толған өсіп,
Жылдан-жылға оның да арманы өсіп.
Қараша үйде бір ағам қалған еді,
Келіп жатыр қалаға ол да көшіп.

Алға қарай жетелеп сүйкімді арман,
Алдамшы өмір, қу тірлік сыйқымды алған.
Ех, қара шаңырағым біз көшкенде,
Иесіз үй күзеткен итім қалаған.

Қазір сенде не қалды,түк қалмады,
Сан арман сағыныштан құтқармады.
Сенде қалған тек қана бір-ақ нәрсе,
Ол – әкемнің жетпеген құтты арманы…

…..


(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар)

ПІКІРЛЕР1
ПІКІР ҚОСУ

Ваш e-mail не будет опубликован.

Пікір