Өмірі өнерімен өрнектелген
25.01.2019
1074
0

(Саз әлемінің сарбазы)

Семей қаласы ежелден еліміздің рухани, мәдени, тарихи орталығы. Бұл өңірді қазақ өнерінің, төл мәдениетіміз бен әдебиетіміздің алтын құрсағы десек те қателеспеспіз. Абайдай алыбы, Шәкәрімдей шежіресі, Мұхтардай терең мұхиты бар Семей өңірі – төрінде Алаш туы көтерілген Алаштың қаласы. Ахмет Байтұрсын­ұлы, Қаныш Сәтбаев, Әлихан Бөкейхан, Шоқан Уәли­ханов, Әлкей Марғұлан, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, т.б. сияқты қазақтың біртуар азаматтарының ізі қалған қасиетті мекен. Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Жүсіпбек Елебеков, Шәкен Айманов, Әмина Өмірзақова, Бекен Жылысбаев, Бибігүл Төлегенова, Еркеғали Рахмадиев, Бекен Жамақаев, Жәнібек Кәрменов, Мәдениет Ешекеев, Болат Сыбанов, Әбілқасым Жаңбырбаев, Сләмбек Қыдыралин, Роза Рымбаева, Бекен Имаханов, Секен Тұрысбеков, Жолан Дәстенов, т.б. өнер саңлақтарын баптап шығарған өнердің отанында 1955 жылдың 17 тамызында облыстық депутаттар Кеңесі атқару комитетінің шешімімен музыка училищесі ашылды.

Осы училищенің түлегі, әрі бұ­рынғы директоры ретінде, оқу орнының ашылуы және аяғына тік тұруы кезеңі туралы ой қозғауды міндетіме алып отырмын. Ғұлама-ойшыл әл-Фараби музыканың адам өмірімен тығыз байланысына үлкен мән бере отырып, музыка­ның жанды сауықтырудағы ши­па­лық қызметін, ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін атап көрсеткен ғой. Ұрпақ алдында тұрған үлкен жауапкер­ші­лікті мойнына алған оқу орнына жоғары арнаулы білімі бар маман басшы болуы заңды құбылыс. Алматының Құрманғазы атындағы консерваториясының қобыз кла­сын үздік бітірген Пернебек Мо­мы­новтың пешенесіне осы бақ жазылған екен. Ол – ұстазы ака­де­мик Ахмет Жұбановтың ұсыны­сымен, Мәдениет министрі Әмір Қанапиннің бұйрығымен Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищенің тұңғыш директоры қызметіне тағайындалды. Осыдан бір жыл бұрын ғана ашылған училищенің – кешегі студенттік өмірден қол үзіп үлгермеген тә­жіри­бесіз жас директорының ал­дында қыруар міндеттер мен қиын­дықтар күтіп тұр еді. Оқушы­ларға жатақхана, оқытушыларға пәтер жетіспейді, училищенің меншікті оқу ғимараты да жоқ. «Жас келсе іске» дегендей қиын­шы­лық­тарға мойымай, білек сыбана жұмысқа кірісіп кетеді. Көп ұза­май алғашқы оқу корпусы мен жа­тақхана мәселесіне қол жет­кізеді. Бірақ бұл толық оқу про­цесін жүргізуге аз еді. Онымен қоса музыкалық аспаптар тапшы, кадрлар мәселесі де мәз емес. Осындай толып жатқан шешуді күтіп тұрған мәселелер жас басшыға үлкен сын болды…

…..

Отантай Кәрібжанов,
Республикалық «Абай Құнанбаев»
қоғамдық қорының президенті


(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір