«Сібірлеп оянады бір сағыныш…»
18.01.2019
1046
0

Бақыт САРБАЛАҰЛЫ

Жақында ақын, қазақ айтысының бапкері Жүрсін Ерманның «Алыстан және жақыннан» деген кітабы қолыма түсті. Үлкен күмәнмен оқи бастағанымды несіне жасырайын. Өйткені кезінде әдебиетке ақын болып енгенің, ақындықтың азабына көнгенің ешнәрсеге де кепіл емес. Оның үстіне ақындыққа дуылдаған басқа кәсіп араласса, бұзып жіберуі де, тіпті жойып-жоғалтып жіберуі де қиын емес. Тіпті ашығын айтсам, ақындық деген – алдымен, әрине, таланттан кейін – тазалық, адалдық, маздақ та мөлдір махаббат. Қозы Көрпештің Баян сұлуға, Мәжнүннің Ләйліге махаббатындай. Оған ойынды, ойнасты, тіпті ойлылықты да араластыруға болмайды. Бір кесе бал қымызға бір түйір балшықты салып жібергенмен бірдей мұның өзі. Демек, Жүрсінге қатысты күдіктенуіме осындай себеп те жоқ еместігі белгілі.

…Бұл тұрғыдан келсек бізге «Махаңдардың сарқыты» Мұқа­ғали Мақатаев пен жырау Бұхар Қалқаман­ұлылардың жұрнағы – Жүрсін Ермандар керек. Көп керек. Жыр болып маздаған Мұқағали Мақатаев жаңа заманның Мағжан Жұмабаевы, Қасым Аманжоловы бола алса болған шығар, ал өзі серт тұтқан Махамбеттің сарқыты болудан аса алмады, ал Жүрсін Ер­ман бүгінгі заманымыздың Бұхар жырауына айнала ала ма, жоқ па, мен оны кесіп айта алмаймын, оны алдағы уақыттағы Жүрсін Ерман көрсетеді…

(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір