ЖАНАЙДАР СӘДУАҚАСОВҚА ЕСКЕРТКІШ-ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ
21.12.2018
827
0

Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Н.Назарбаев даңғылында орналасқан 120-үйдің қабырғасына мемлекет және қоғам қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Жанайдар Сәдуақасовтың есімін есте қалдыру мақсатында ескерткіш-тақта орнатылды. Сәдуақасовтың қазақ әдебиеті тарихындағы ұмытылмас істерінің бірі – «Қазақ әдебиеті» газетін ұйымдастыруға зор үлес қосқаны.

Салтанатты шараға ғалымдар Хангелді Әбжанов, Серік Қира­баев, Бейбіт Қой­шы­баев, ақын Ғалым Жайлыбай, т.б зиялы қа­уым өкілдері, Ж.Сәдуақасовтың туыстары мен ұрпақтары қатысты. Марқұмның інісі Құрман Сә­дуақасов пен қызы Перизат Сә­дуақасова жиналған қауымға әулеттерінің атынан ризашы­лық­тарын жеткізді. Жиын Ұлттық кітапханада өткен «Ер есімі – ел есінде» атты еске алу кешіне ұласты.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір