ТҮРКІСТАННЫҢ ҮЗДІК ЖАСТАРЫ
21.12.2018
1568
0

Түркістан облысының орталығы – Түркістан шаһарында облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары мен «Worldskils Kazakhstan – 2018» ұлттық чемпионатының жеңімпаздарын қабылдаған жиын өтті.

Кездесуге осы жылы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанған түркістандық азаматтар мен «Worldskils Kazakhstan – 2018» ұлттық чемпионатында жүлделі орындарға ие болған студенттер келіп, өңір басшысы­ның Алғысхаты мен бағалы сыйлық­тарына ие болды.
«Бүгін Түркістан облысы үшін үл­кен қуанышты күн. Олай дей­ті­ні­міз облысымызға ғана емес, бар­ша Қазақстанға танымал, об­лысымыздың бетке ұстар дара­боз азаматтарымыздың жеңісі Рес­публикалық «Дарын» жастар сый­лығының лауреаты атанса, жас өнер­тапқыш студенттеріміз рес­публикалық «Worldskils Kazakhstan – 2018» ұлттық чемпиона­тын­да жүзден жүйрік шығып жүл­делі орындардан көрінді. Бұл жеңістің артында үлкен еңбек тұрғаны белгілі. Еліміздің осындай жеңіс­пен оралуына осында отыр­ған же­тек­шілерінің еңбектерінің ар­қасы деп білемін. Осыған орай, Сіздерді алған жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, барша облыс тұрғындары атынан алғы­ымызды білдіреміз. 2019 жылы Ресей Федерациясының Қазан қаласында өтетін «Worldskils Kazan – 2019» халықаралық чем­пио­натын еліміздің туын биікке көтеретін­деріңізге сенемін», – деді әкім.
Мұнан соң, «Дарын» мемле­кет­тік жастар сыйлығының лау­реат­тары сөз алып, аймақ бас­шы­сына ризашылығын білдірді. Ізгі тілектерінде жерлестеріміз облы­сы­мыздың түрлі салаларда өсіп, өркендеуіне, мейлінше, атса­лысу­ға уәде етті.
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы 1992 жылдан бері түрлі саладағы әдебиет, ғылым, дизайн және бейнелеу өнері, журналисти­ка, классикалық музыка, қоғам­дық қызмет, спорт, театр және кино, эстрада, халық шығарма­шы­лығы сияқты 10 номинация бойын­ша беріліп, дарынды жас­тар­ды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында жыл сайын ұсы­нылады.
Оған елімізден 200-ден аса та­лантты жастарымыз ие болды. Бұл сыйлыққа әр жылдары өңірімізден шыққан эстрада жұлдыздары Н.Өн­ербаев, С.Майғазиев, А.Жо­ра­­баева, «Жігіттер» квартеті, Н.Құрманов, Қ.Нұртас, өнер май­талмандары С.Әбдіхалықов, айтыскер, ақын Бекарыс Шойбек сияқты белгілі тұлғаларға берілген.
Биылғы байқауға 300-ден аса үміткер қатысқан. Түркістан облысынан лауреаттар арасында «Халық шығармашылығы» номи­нациясы бойынша айтыскер ақын Біржан Байтуов, «Спорт номи­нация­сын» бокстан әлем чем­пио­ны Қайрат Ералиев, «Жур­на­лис­ти­ка» номина­ция­сымен «Айғақ» теле­ра­дио­ком­паниясы ЖШС бас редакторы Салтанат Тойболова иеленді. Барлық жеңімпаздарға ҚР Үкіметінің қаулысымен «2017 жылғы Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы берілді және олар дипломмен, төс­бел­гілермен және ақшалай сый­лықтармен марапатталды.
Қазақстан 2014 жылы Worldskils Ассоциация құрамына 70-ші қатысушы мемлекет болып тір­ке­ліп, биылғы жылы 4-рет респу­б­ликада Ұлттық чемпионат болып өтті. Түркістан облысының аты­нан 9 студент ағымдағы жыл­дың 1-8 желтоқсан аралығында жұ­мысшы мамандықтарынан Астана қаласында өткізілген «WorldSkills Kazakhstan – 2018» Ұлттық чем­пионатына жіберіліп, оның 7-уі жүлделі орындарға (2 алтын, 3 күміс, 1 қола, 1 медальон) ие бол­са, оның ішінде 2 алтын медаль ие­герлері 2019 жылы тамыз айын­да Ресей Федерациясының Қазан қаласында өткізілетін «WorldSkills Kazan – 2019» халықаралық чемпионатқа жолдама алған-ды.


«АҚ БАТА» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Түркістанда «Ақ бата» байқауының жеңімпаздары марапатталды. «Ontustik» телеарнасы мен Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы бірлескен тележобасының мақсаты – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Елордамыз – Астана қаласының 20 жылдығына орай халқымыздың рухани-тарихи тамырларының кең аясынан әдет-ғұрып пен салт-дәстүріміздің негізі саналатын бата беру дәстүрін насихаттау. Облыс аумағындағы батагөй дарын иелерін телеарна арқылы паш етіп, хас таланттардың шыңдалуына жол ашу болатын. Тележоба қатысушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 7 мен 70 жас аралығындағы үміткерлер арасында 3 топта өткізілді.

Батагөйлер сайысына облысы­мыздың барлық аудандарынан 45 үміткер тіркелді. 3 кезеңнен тұра­тын сайыстың шартына сәйкес «Ақ бата» аталымы бойынша Шар­даралық Әбдіғаппар Айдаров, «Зерделі бата» аталымы бойынша Түркістан қаласынан Сайлаухан Жоланов жеңімпаз атанды. «Бала бата» аталымы бойынша Қазығұрт ауданынан келген Нұрлыбақыт Қаһарұлы бірінші орынды ием­ден­ді. Жеңімпаздар «Ақ бата» қа­тысушылары арасында: І орын – Әбдіғаппар Айдаров, Шардара ауданы ІІ орын – Сатан Маханов, Созақ ауданы ІІІ орын – Мырзатай Өтембеков, Бәйдібек ауданы
ІІІ орын – Мұратбек Абдуллаев, Кен­тау қаласы «Зерделі бата» қатысу­шы­лары арасында: І орын – Сай­лаухан Жоланов ,Түркістан қаласы ІІ орын – Тимур Тастанов, Төле би ауданы ІІІ орын – Тұрыс­бек Келім­бет, Түлкібас ауданы «Бала бата» қатысушылары ара­сын­да: І орын – Нұрлыбақыт Қаһарұлы, Қазығ­ұрт ауданы ІІ орын – Мирас Шан­шар, Арыс қаласы ІІ орын – Байдаулет Әбжан, Түркістан қаласы ІІІ орын – Аңсар Әлжан, Созақ ауданы ІІІ орын – Әлинұр Әділұлы бар.


ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА САЯБАҚ АШЫЛДЫ

Еліміздің Тәуелсіздігінің 27 жылдығы қарсаңында Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласында жаңа саябақ ел игіліне тапсырылды. Қаланың Кентау бағытынан кіре-берісінен 14 гектар жерге орналасқан «Парасат» саябағының құрылысы 2018 жылдың тамыз айында басталып, желтоқсан айында пайдалануға беріліп отыр. Демалыс аймағының құрылыс монтаж жұмыстарына 260 млн. 742,92 мың теңге қаржы бөлінген. Құрылысты «Түркістан жарық тазалық» ЖШС мекемесі жүргізген.

Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қала тұрғындарын жаңа демалыс аймағының ашылуымен құттық­тады.
«Түркістан – облыс орталығы ретінде күннен-күнге көркейіп, абаттанып келеді. Алдағы уақытта жаңа қала бой көтеретін болады. Түркістан – рухани әрі мәдени, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамыған шаһарға айнал­мақ. Міне, бүгін Тәуелсіздік мере­кесі қарсаңында ашылып отырған саябақ облыс орталығы тұрғын­дары­ның сүйікті демалыс аймақта­рының біріне айналады деп ой­лай­мын. Егемендігіміз еңселі, тәуел­сіздігіміз тұғырлы болғай», – деді Жансейіт Қансейітұлы.
Саябақ абаттандырылып, архитектуралық құрылысы жағы­нан соңғы үлгіде жасақталған. Он­дағы орнатылған жарық баға­на­лары мен аркалар, смарт орын­дықтар, субұрқақтар мен трена­жерлік аспаптар, теннис, футбол, баскетбол алаңшалары мен вело­жо­л­дар және концерт алаңы де­малу­шыларға қолайлы жағдай туғы­затын болады. Саябақты су­мен қамтамасыз ету жүйесі толы­ғымен автоматтандырылған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір