Үздік 100 кітап
30.05.2025
74
0

Оқырман назарына «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, ақын, ҚР ҰҒА академигі Бауыржан Жақып үздік деп тапқан 10 туындыны ұсынамыз:

1. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны. Түрік жұртының ХІ ғасырда жазылған құнды еңбегі, данышпандық ойлар қайыра оқуды қажет етеді.
(Көне түркі тілінен аударып, алғы сөзі мен түсініктерін жазған А.Егеубай. Алматы: «Өлке» баспасы, 2006. 640 бет. 2-басылым);
2. Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің (Аяз) «Жаһан наме» дастаны. Әдебиет тарихының бастауларынан маңызды орын алатын құнды туынды әрі өте көп білім жинақтауға болатын даналық кітап.
(Көне шағатай тілінен аударған Әбсаттар қажы Дербісәлі. Алматы: «Білім» баспасы, 2006. 432 бет);
3. Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік шежіресі». Түрік жұртының тарихына қатысты асыл қазыналардың бірі.
(Алматы: «Ана тілі» баспасы, 2007. 200 бет);
4. Захир әд-Дин Мұхаммед Бабырдың «Бабырнама» тарихи шығармасы. Орталық Азия халықтарына ортақ құнды жәдігер, тарихи-әдеби естелік шығарма.
(Орыс тілінен аударған Б.Қожабеков. Алматы: «Жалын» баспасы, 1990. 320 бет);
5. «Хан Кене». Тарихи толғамдар мен пьеса, дастандар жинақталған, Кенесары хан туралы аңыз бен ақиқат бір жерге тоғысқан туынды;
(Алматы: «Жалын» баспасы, 1993. 448 бет).
6. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Төрт­томдық таңдамалы шығармалары. Ұлтымыздың ұлы перзенттерінің бірінің бұл еңбектерінен оқырман қауым қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты мол мағлұматтар ала алады;
(Павлодар: 2005).
7. Жүсіпбек Аймауытов. Шығармалары. Жазушының көркем тілі оқырманның шөлін қандырады;
(Алматы: «Жазушы» баспасы, 1989);
8. Ілияс Жансүгіров. Шығармалары. Сөзсіз, қазақ эпикалық поэзиясының асыл үлгілері.
(Алматы: «Қазығұрт» баспасы);
9. Қасым Аманжолов. «Өзім туралы». (Өлеңдер мен поэмалар). Қасым поэзиясының толық басылымдарының бірі.
(Алматы: «Ана тілі» баспасы. 2011. 360 бет);
10. Төлеген Айбергенов. Шығармалары. 4 томдық. Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы біршама толық мағлұмат алуға болады.
(Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» баспасы, 2013).

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір