ЕРҒАЗЫ РАХИМОВ АТЫНДАҒЫ МҮШӘЙРАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын, жазушы, публицист Ерғазы Рахимовтің 80 жылдығына арналған әдеби-танымдық кеш өтті.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасы мен Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастырған кешке ғалымдар С.Қасқабасов, С.Негимов, Қ.Алпысбаев, Р.Тұрысбек, ақын Н.Айтұлы, жазушы Т.Әбдірайым қатысып, Ерғазы Рахимов туралы естеліктерін ортаға салды. Әдеби жиын барысында Е.Рахимовтің 80 жылдық мерейтойына орай өткізілген мүшәйраның қорытындысы да жарияланды. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Нұрбол Мұратбекке берілді.