ҚАЗАҚ ШЫҒАРМАЛАРЫ – ШЕТ ТІЛДЕРДЕ
23.11.2018
951
0

22 қараша күні ҚР Ұлттық кітапханасында Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында басып шығарылған «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» атты кітап сериясының тұсаукесері өтті.

Кітап сериясында қазақ­стан­дық заманауи жазушылардың 9 шығармасының ағылшын, араб, испан, қытай және француз тіл­деріндегі аудармалары ұсынылған. Олар С.Елубайдың «Ақ боз үй», К.Салғариннің «Қазақтар», Д.Исабековтің «Қарғын», О.Сүлейменовтің «Язык письма: Взгляд в доисторию о про­исхож­де­нии письменности и языка ма­лого человечества», Б.Нұржекенің «Әй-дүние-ай», Ш.Мұр­таза­ның «Бойтұмар», М.Әуе­зовтің «ГЛАВ­ПОЧТАМТ», Ш.Күмісбайұлының «Ба­лалық шақ – балдәурен» шы­ғар­малары. ҚР Ұлттық кітапханасы баста­ма­шы болған жоба ҚР Сыртқы істер ми­нис­тр­лігімен өз­ара әрекеттестік пен ынтымақ­тас­тық арқылы, сон­дай-ақ, сериялық басылымды ше­телдік кітапхана­ларға, 24 мем­ле­кетте ашылған қазақ­стандық әдебиет пен мәде­ниет орталық­та­рына, сауда желі­леріне сыйға беру арқылы қазақ­стандық әдебиет­ті дамытуды ұсы­нады. Бұл кітап сериясы Қазақстанды ха­лық­аралық кітап және поли­гра­фиялық кітап жәр­меңкелерінде лайықты түрде таныстыра алады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір