«АУЫЛЫМ – АЛТЫН ТҰҒЫРЫМ» ӘДЕБИ-ОНЛАЙН КОНКУРСЫНА ҚАТЫСЫҢЫЗДАР!
30.11.2018
1166
0

Қаламгерлер қауымынан келіп түскен өтініш, тілектерге орай «АУЫЛ» партиясы және «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталының» ұйымдастыруымен өтетін «Ауылым – алтын тұғырым» әдеби-онлайн конкурсының шығармаларды қабылдау мерзімі қазылар алқасының шешімімен 2019 жылдың 15 ақпанына дейін ұзартылды.

Номинациялар бойынша жүлде қоры:
«АУЫЛ тақырыбына арналған үздік проза» (эссе, әңгіме, повесть):
1-орын – 500 000 теңге;
2-орын – 300 000 теңге;
3-орын – 200 000 теңге;

«АУЫЛ тақырыбына арналған үздік поэзия» (өлең, баллада, поэма):
1-орын – 500 000 теңге;
2-орын – 300 000 теңге;
3-орын – 200 000 теңге;

«АУЫЛ тақырыбына арналған үздік драматургия»:
1-орын – 500 000 теңге;
2-орын – 300 000 теңге;
3-орын – 200 000 теңге;
Бас жүлде «АЛТЫН ТҰҒЫР» әдеби жүлдесі:
Үш номинациядағы 1-орын жеңімпаздарының арасынан таңдалып алынады.
Арнайы жүлделер:
Қосымша 10 үздік қаламгерге 100 000 теңгеден арнайы жүлделер тағайындалады.
Үміткерлер конкурсқа ұсынатын шығармаларын adebiportal.kz порталында онлайн түрде жариялай алады. Техникалық ақаулар болған жағдайда +7 707 744 13 43 нөміріне хабарласуға (WhatsApp-қа жауап жазылмайды) немесе adebiportal@gmail.com поштасына хат жолдауға болады. Толық ақпарат adebiportal.kz және auyl.kz сайттарында.
Ауыл тақырыбын толғайтын шығармаларыңызбен әдеби байқауда бақтарыңызды сынаңыздар!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір