«ТАЖАЛҒА ТОСҚАУЫЛ» РОМАНЫНДАҒЫ ОБРАЗ
30.11.2018
1532
0

Тұрсынәлі Рыскелдиев­тің «Тажалға тосқауыл» романының бас кейіпкерлері – Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен ғалым Сұң­ғат Арғынбек­ұлы. Негізгі кейіп­керлер – ұшқыш Талғат Қабылбекұлы және жапондық дәрігер Батри.

Романда Нұрсұлтанның әкесі – Әбіш, шешесі – Әлжан, әйелі – Сара, қыз­дары, достары, жетек­шісі, Наташа­ның шешесі сияқты жанама кейіп­керлердің де образы тамаша да­ра­­ланған. Нұрсұлтанның образы ақиық қыранның образымен жарыс­тыра бейнеленіп, көркемдік биікке көтерілген. Нұрсұл­танның ойының ұшқыр­лы­ғы, қиялының жүйріктігі, қиын­дық­қа төзімділігі романда тартымды оқиға-детальдар арқылы беріл­ген.
Сұңғат халқының, арысы адам­­заттың қамын жеген дара тұлға. Романның төртінші тарауында ға­лым өзінің жерлесі, досы ұшқыш Тал­ғаттың тікұшағында отырып: «Ғалымдар да пенде емес пе? Де­ген­мен, ғылымның аты – ғылым. Ғалымдардың дау-шарынан ғы­лым­дағы жаңалық туып, шындық жеңіске жетеді. Дарвин тірі организмдер жөніндегі эволю­циялық тео­рияның негізін салған еді. Діни ұйымдардың ықпал күші мен қо­ғам­дағы ұшқары көз­қарас ұстанушылар­дың жанына салған сұмдық ауыр жарақа­ты­нан сауыға алмай, өзін «эволю­ция­ның жә­дігері» атан­дырған сұм дүние­мен, мәңгі­лік қош­тасты емес пе?..» дей­ді ол Талғат до­сына. Ұзаққа бар­май, жас ғалым­ның өзі де «Зо­ба­лаң» атты бесінші тарауда тергеушінің алдында сұ­раққа тартылады. Бірталай елдерде әзірлен­ген атом бомбасы топырақ­тың сырт­қы бір қабатын жалмап, қан төгілгендей етіп, қы­зыл ке­ріш­­ке ай­ландырып, күйдіріп кете­тіні шындық қой, тақсыр тер­геушім?! Осындай жер бетіне кел­тірер та­жал­­ды дәлелдеп жазып жатпай ма ға­лым­­дар? Шындықты айтқан­ды­ғы, жаз­ғандығы үшін жазалап, тұт­қындап жатқан елді естігенім жоқ. Ал мен неге атом сы­­нағына қарсы бір мақала жаз­ғандығым үш­ін тұт­қын боламын?» – дейді Сұңғат ға­лым тергеушіге. Оған бас изеген тер­геуші болмады. Жас ғалым жа­зық­сыз тұтқын болып, түрмеде оты­рады.
«…Ғылымдағы жаңалықтың қалай пайдаланылуы ғалымдардың еркінен тыс. Саясат кейде ғылым­дағы жаңалықты жетегіне алып кетеді. Мысалы: 1945 жылы АҚШ-тың жаңа Мексика штатының Ала­мокс ауылы маңындағы шөл далада тұңғыш рет атом бомбасы сыналды. Мұнысы Америка үкіме­тін айқұлақ­тандырып, озбырлық­тың орасан зор символы болған атом бомбаны Жапония жеріне тастап, 140 мың жазықсыз жандарды ажалынан бұ­рын жалмады. Олардың ата­қоныс­тары күлге айналды…», – дейді ғалым тергеушіге екінші жолы сұраққа тартылып отырып. «Біздің елдегі бірінен соң бірі туындаған әпер­бақан саяси науқандар аң-құсқа да маза берме­ді ғой. Мына аспанда қалықтап ұш­ып жүрген қыран да уайым-қай­ғыдан аулақ емес шығар? Мекенінен тыныштық кетіп, балапан басқан ұясы бұзылып жатса, қайғырмай қайтсын ол байқұс! Өзі аспанда еркін ұшып жүргенімен, ұясы бұзылып, балапаны қолды болса, көңілі неге құлазымасын?! Ядролық қару бәріміздің түбімізге жетіп тынар ма екен? Соған қарсы мақала жазамын деп, менің көрген күнім мынау! Атом бомбасы жа­рыл­ған жердегі 140 мың адам мен ондағы жан-жануарлардың күні не­мен тынды? Атом қаруының көзі жойылмаса әлем халқына за­ман­ақыр­дың жақындағаны емес пе? Ядролық қарудың зардабына шынайы ашынып, оған қарсы тұруға бел шешіп, кірісетін әлем­дік деңгей­дегі көш­басшы керек-ау!..» де­ген ой жас ғалымның қия­­­лын жаулап алды», – деп жазады жазушы.
«Арайлы таң атқанда» деген он жетінші тарауда Қытайдың билік басына Дың Шияупың шыққан­нан кейін ақталып Сұңғат ғалым­ның саяси құқығы қалпына келеді. Сол тұста Сұңғат отызды аралаған кезі еді. Ол Абайдың 150 жылдық мерейтойына Қытайдан делегат бо­лып келеді. Елбасы мінбеге көте­рі­ліп, ұлы ақын Абай туралы сөйлей бастағанда, Сұңғаттың етжүрегі ел­жіреп, еркінен тыс көзі­не жас ала­ды. «…Бір жағынан ысқырған айдаһардың, екінші жағынан ақыр­ған аюдың ортасында, қаһарлы жоң­ғардың бір бүйірінде, қоқилан­ған Қоһан қандығының тегеурінді тепкісіне ұшырап, мың өліп, мың тірілген қазағым-ай! Бағың жанып, айың оңынан туған екен бүгінгі таңда. Біздің халқымыздың жүрек қаны­ның тумасы болған ұрпа­ғынан да Елбасы болады екен-ау! Тәу­ба Тәңірім!.. Тәуелсіздіктің арай­лы та­ңы атып, нұрына бөлен­ген қазақ­тың маңдайына мәңгілік тұрса, шір­кін, бұл – бақыт!..» – дейді Сұңғат ғалым ішінен. Ол осы жо­лы Елбасының қабылдауында болып, шетелдегі қандастардың атажұртқа оралуы туралы Елбасы­ның үндеуіне үн қосып, өзі де кешікпей атажұртқа қоныс аударады. Елбасының ядросыз әлем құру идеясымен жас кезінен таныс болған ғалым ақыры асқақ арманына жеткендей болады.
«Тажалға тосқауыл» романын­дағы дара кейіпкерлердің бірі – алып денелі, еңсегей бойлы, ер тұл­­­ғалы ұшқыш – Талғат. Бірақ, оның жүрегі жұмсақ. Махаббатқа, сезімге иілгіш.
Бұл романның тағы бір негізгі кейіпкері – жапондық дәрігер Батри. Оның атом бомбасына деген өшпенділігі ерте оянып, тым болмаса полигон зардабынан қатерлі ісік ауруына шалдыққан адамдарды емдейін деп, медицина саласында білім алады. Кейін досы Шара­пат­тың көмегімен Қазақстанға келіп, Семей поли­го­нының кесірінен кем туған, қатерлі ісік ауруына шалдық­қандарды емдейді.
«Та­жалға тосқауыл» рома­нын­дағы жетпістен аса кейіп­керлердің образ даралығын түгел талдап, дә­лел­деу, әрине, шағын мақала­ның мін­деті емес екенін әркім-ақ түсінер.

Гүлнар СЛАМБЕКОВА,
Садыр орта
мектебінің мұғалімі

Алматы облысы
Панфилов ауданы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір