Қазақ анимациясы – ұлт болашағы
Батыржан Сейдомар
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған «Күлтегін» атты толықметражды анимациялық фильмі жақын арада көрерменге жол тартады.Тарихтың ескі қойнауында ескіріп бара жатқан дүниелерді қайта жаңғыртып, өскелең ұрпаққа тәрбие беру жолында жүзеге асырылып отырған бұл жобаның авторы – Адай Әбілдин. Аталған жоба бірнеше жылдың сынынан өтіп бүгінгі күні Халықаралық фестивальда әлем назарын аударып отыр. «Күлтегін» анимациялық фильмі тарихтың терең қатпарларында ұлы жігерімен және сөзсіз басшылығымен сақталған Күлтегіннің жас күніне арналады. Ал бүгінгі біздің сұхбатымыз киностудияның ең жас атқарушы мүшелерінің бірі – Батыржан Сейдомармен болып отыр.
– Қазақ киноанимациясына деген көзқарасыңыз қандай?
– Қазақ киноанимациясы дамығалы – жыл болды. Анимациялық фильмге «Алдаркөсе» мультфильмі жатады. Бірақ ол қарапайым анимация. Түрлі фильмдер дайындалуда, сонымен қатар Адай Әбілдинов бауырымыз «Күлтегін» атты тарихи анимациялық фильм әзірлеу үстінде. Жалпы анимациялық фильм 28 жыл ішінде дами бастады. Бірақ өте көп қаражатты талап ететіндіктен, мұны әрбір адам жасай алмайды.
– Анимациялық фильмдерді жасауда бәсекелестік бола ма?
– Біздің тарихи аңыздарымыз, ертегілеріміз бар. Оларды анимациялық түрде түсірсе өте жақсы болар еді. Себебі, Америка, Еуропа елдеріне және біздің бүлдіршін балаларымызға тарихымызды танытудың бірден-бір жолы осы. Қазір бәсекелестік бар деп айта алмаймын.
– Қазақстанда сіздерден де өзге анимациялық фильмдер дайындаушы киностудиялар бар. Сол мамандармен бірігіп туынды шығару ойларыңызда жоқ па?
– Бар, әрине, киностудия жер жерде орналасқан. «Сақ» киностудиясы Шымкент қаласында, ал біз көбінесе Алматы, Жетісай өңірлерінде жүреміз. Бірігіп туынды шығарудың өзі де өте қиын нәрсе, өйткені әр продюсер өз идеясын түсіргісі келеді. Және әр продюсердің өз аниматорлары, монтажерлары бар. Егер бұл үлкен жоба болмаса, бірігудің де қажеті жоқ деп ойлаймын.
– Ал неге үлкен жоба жасамасқа?
Оның да өз уақыты келер. Ол үшін қазақ анимациясы әбден дамуы керек.
– Қазақ анимациясы дамуы үшін қанша жыл уақыт қажет деп ойлайсыз?
Негізінен бізде қазірдің өзінде-ақ дамыды. Бәрі қаражатқа тіреліп отыр. Мәдениет министрлігі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» офисі қаражат бөлсе, бір жылда талай анимациялық сурет шығар еді. «Қазақфильм» белгілі бір қаржыны бөлгенменен, осы жобаның авторы Адай Әбілдин өзі де қаражат қосуына тура келген тұстар болды.
– Қазақ анимациясының ең алғашқы даму кезеңдері мен қазіргі кезінен қандай айырмашылықтар мен жетістіктер көресіз?
Мысалы, «Звездные войны» анимациясын түсірген режиссер болашақты көре білген және сол уақытта, яғни 1970-80 жылдары фильмнің 4-5-6-шы бөлімдерін түсірген. Кейінірек 2000 жылдары 1-2-3-ші бөлімдерін түсірген. Мұның барлығы ол кезде техника жетіспеуіне байланысты еді.
– Аниматор болам деуші жастарға қандай ақыл-кеңес бересіз?
Зертте, оқы, үйрен, жаса, мақсат қой, тырыс. Қазіргі жастардың көбісі дайын өнімді күтуге үйренген. Тек алға қадам бассаң, сонда талабыңа нұр жауады.
– Әңгімеңізге рақмет!
Әңгімелескен
Жайна