«СЕРМЕСЕҢ – ҚЫЛЫШ, ҚОРҒАНСАҢ – ҚАЛҚАН, ҚАЙРАН ӘНУАР…»
16.11.2018
2037
0

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік ака­демиялық драма театрында белгілі кино және театр актері, Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты Әнуар Молдабеков­тің туғанына 80 жыл толуына орай еске алу кеші өтті.

Жазушы Асқар Сүлейменов актер дүниеден озғанда «Сер­месең – қылыш, қорғансаң – қалқан, қайран Әнуар» деп кү­ңі­реніпті. Осы бір ауыз сөздің өзі-ақ мар­құмның болмыс-бі­ті­мін танытып тұрғандай. Кеште Ә.Молдабеков туралы шағын деректі фильм көрсе­тілгеннен кейін көзкөрген әріп­тестері – қазақ сах­на­сы­ның саңлақтары Асанәлі Әші­мов, Сәбит Ораз­баев және режиссер Есмұхан Обаев жи­налған жұртты есте­ліктерімен ұйытты. Әуезов театрының директоры Асхат Мае­миров ҚР Мәдениет және спорт ми­нистрі Арыстанбек Мұхамеди­ұлының құттықтау хатын оқып, мар­құмның жары, театр актрисасы Баян Има­шеваға камзол кигізіп, басына ақ жаулық жапты. Актер сом­даған сахнадағы да, кинодағы да жарқын бейнелер көрермен үшін сағынышқа айналғаны даусыз.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір