ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ САУАТТЫЛЫҚ
16.11.2018
1261
0

Күні кеше ғана ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңі­мен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес республика бойынша жалпыхалықтық диктант өткізілді. Аталған шараға Алматы қаласынан 120 мың адам қатысты.

Олардың ішінде жоғарғы оқу орындарының, колледждердің оқыту­шы­лары мен студенттері, мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары, медицина саласының қызметкерлері бар. Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімі аппаратының, аудан әкімдері аппаратының және барлық қала­лық басқарма қызметкерлері мен этномәдени бірлестік өкілдері де қатысты. Ла­тын негізді қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жо­басының тәжірибелік тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту мақсатында өт­кізілген іс-шара барысында дик­тант мәтіні аудиожазбалар арқылы таратылды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш e-mail не будет опубликован.

Пікір