Түркі елдерінің ортақ әліпбиі. Ол қандай?
17.09.2024
434
0

Осы аптада Түркі елдеріне ортақ әліпбидің жаңа нұсқасы қабылданғаны туралы ақпарат тарады. Әліпби нұсқасы 34 әріптен тұрады екен.

Жалпы, Түркі елдерінің ортақ әліпбиі туралы алғашқы шешім 1991 жылы қабылданып, оған бірнеше ел қол қойған болатын. Ал бұл жолғы шешім бойынша сол нұсқа жаңартылып, бірқатар өзгерістер қабылданған. Ал шешімнің өзі Әзербайжан астанасы Бакуде өткен Түркі мемлекеттері ұйымының жанынан құрылған арнайы комиссияның 3-отырысында мақұлданған. Дегенмен, әліпбидің нұсқасы әлі жарияланған жоқ.
«Бұл әліпби түркі халықтары арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтады. Ортақ әліпбидің дамуы түркі халықтарының тіл мұрасын сақтай отырып, оны дамытады», – деп хабарланды аталған комиссияның мәлімдемесінде.
Айтпақшы, 1991 жылы қабылданған ортақ Түркі жазуы бастапқыда Өзбекстан, Әзербайжан, Түркіменстан елдерінде енгізіліп, қолданыла бастаған болатын. Алайда кейін Әзербайжаннан басқа елдер бұл әліпбиден бас тарту туралы шешім қабылдаған еді. Ал Қазақстан тарапы бұл бастамаға қатысты өз ұстанымын әлі жариялаған жоқ.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір