ХЕМИНГУЭЙДІҢ БҰРЫН ЖАРЫҚ КӨРМЕГЕН ЕКІ ӘҢГІМЕСІ КІТАПҚА ЕНЕДІ
Әйгілі америкалық жазушы Эрнест Хемингуэйдің бұрын жарық көрмеген екі әңгімесінің бары дүниежүзі оқырмандарын дүр сілкінтті.
50-жылдардың ортасында жазылған бұл әңгімелер келер жылы жазушының қайта басылып шығатын бірқатар шығармаларымен бірге кітапқа енбек.
Хемингуэй 1956 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс туралы бес әңгіме жазып, баспагер Кіші Чарльз Скрибнерге бұл тарихи баяндаулар өзі өлген соң ғана жарық көруі керектігін айтқан. Өйткені, қай-қайсысы да адам шошырлық деректерді қамтыпты. «Хэм ағай» бұл жолы оқырмандарына қандай тосын сый дайындағанын асыға күтетін боламыз.