«АЛТЫН ҚАЛАМ» ЖҮЛДЕСІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ КІМДЕР?
02.11.2018
1067
0

«Алтын қалам» әдеби жүлдесі жетінші рет жылдың үздік қаламгерлерін анықтады. Жеңімпаздарды марапаттау шарасы Алматы қаласындағы «ARTиШОК» театрында өтті.

Байқауға жұмыстар наурыз айынан қыркүйек айының орта­сына дейін қабылданып, оқырман­дар ғаламтор арқылы қазан айына дейін дауыс берді. Сайысқа түскен барлық шығарма www.akalam.kz ресми сайтына салынды. Оқыр­ман­дар қолдауы және қазылар таңдауымен әр аталым бойынша жеңімпаздар анықталды. Қазақтан шыққан алғашқы меценаттардың бірі Есенқұл Маманов атындағы сыйлық «Қазақтың үздік рома­нына» берілді. Бас жүлде – 1 млн. теңгені ақын, жазушы, журналист Айдын Кәлімхан жеңіп алды. Балалар жазушыларына арналған «Дарабоз» байқауының бас жүлдесі мен 1 млн. теңге – проза­лық және сын-зерттеу жинақта­рының авто­ры, филология ғы­лым­дарының докторы, Ха­лы­қа­ралық Ш.Айт­ма­тов ака­де­мия­сының академигі Бекен Ыбы­райым­ның қоржынын­да. Қазақ әдебиетінің жанашыры, меценат Олжас Құдайбергенов фантастика жанрындағы үздік шығармаға өз атынан тағайында­ған 1 млн. теңгені жазушы, журналист Нұр­төре Жүсіп иеленді. Сондай-ақ, өзге аталымдар бойын­ша жеңім­паз атанған қалам­гер­лер мыналар: «ЖЫЛДЫҢ ҮЗ­ДІК ПРОЗАСЫ» – Есболат Айда­босын; «ЖЫЛ­ДЫҢ ҮЗДІК КИНО СЦЕНАРИЙІ ЖӘНЕ ДРА­МА­ТУР­ГИЯСЫ» – Дүйсен Кеңес; «ҚАЗ­АҚ ӘДЕБИЕ­ТІНЕ ҚОСҚАН ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕГІ ҮШІН» – Дулат Исабеков; «ЛУЧ­ШАЯ ПОЭЗИЯ ГОДА» –Лариса Қалмағамбетова; «ЛУЧШАЯ ПРОЗА ГОДА» – Дина Валуйских; «ЛУЧШАЯ ДЕТСКАЯ И ПОДРОСТКОВАЯ ЛИТЕРА­ТУРА ГОДА «Дарабоз» – Жанаргүл Айзақова; «ЛУЧШАЯ САТИРА ГОДА ИМЕНИ ЕСЕН­ЖОЛА ДОМ­БАЙ» – Аркадий Те­плухин; «ЛУЧШАЯ ФАН­ТАС­ТИ­КА И ДЕТЕКТИВ ГОДА» – Ни­колай Бычков; «ЛУЧШИЙ КИНО СЦЕНАРИЙ И ДРАМА­ТУР­ГИЯ ГОДА» – Лариса Коль­ченко.
Ал «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК САТИРАСЫ» аталымы бойынша «Қазақ әдебиеті» газеті Бас редак­то­ры­ның орынбасары, жазушы Қа­нағат Әбілқайыр жеңім­паз атан­ды. Әріптесімізді газет ұжымы атынан құттықтап, шығар­машы­лық табыс тілейміз.

ПІКІР ҚОСУ