Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тіл туралы айтқандарынан үзінді:
Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұ дүниеде қымбат не бар екен?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі!
Он бес жылда аюға да тіл үйретуге болады!
Қазақ тілі мемлекетіміздің барлық азаматтарын біріктіруге қуатты!
Мемлекеттік тіл енді ұлттық саясаттың діңгегі болуы тиіс!
«Өз тілімізбен өмір сүрейік!» Бұдан артық қалай айтуға болады? Қажет десеңіздер, одан да оңайлатып айтайын: «Қазақпен қазақ қазақша сөйлессін!».
Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде!
Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Оған көңіл де, қаржы да солай бөлінеді. Қазақ тілі – өзіміздің ана тіліміз. Біз бәріміз ана тілімізді ардақтаймыз!
Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз.
Әр елдегі қазақ әр елдің тілін мықтап игерсе, ол – білім. Ол шетел тілінде сөйлесе – тіпті жақсы. Бірақ он шетел тіліне орап, ана тілін тұншықтырып, көміп тастаса – ол кешірілмес күнә!
Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы!
Ана тілін армансыз бойға сіңіріңіздер, өйткені бабаларымыздың ғұмыр тәжірибесі, дүниетанымы, мінез-құлқы, өзіндік болмыс-бітімі осы тілде қаттаулы жатыр!
Ана тілін қадірлеу – әр азаматтың перзенттік парызы!
Бізге ана тілімізден асқан тарихи мұра жоқ. Ендеше, оны жан аямай қастерлеуден асқан биік парыз да жоқ!
Тарих пен тіл тамырлас!
Ұлттық тілмен ұлттық сана қалыптасады!
Тілге деген көзқарас – шындап келгенде, елге деген көзқарас!
Ана тіліміз – бізді ғасырдан ғасырға, заманнан заманға аман жеткізген бірден-бір барымыз да, нарымыз да!
Біз өзіміз, қазақ халқы, халық болып, ұлт болып бәріміз тілімізді қолдауымыз керек және бүкіл қазақстандықтарға осы тілді қастерлеп үйретуіміз керек!
Ана тілін білмеу қазақ азаматы үшін ұят саналуға тиіс. Мемлекеттік тілге, өзінің ана тіліне құрметпен қарамауы оның қызмет бабында өсуіне де әсер ететін болуы керек!
ПІКІРЛЕР1