«БҰЛ ҮЙДЕ ҒАЛЫМ РЫМҒАЛИ НҰРҒАЛИ ТҰРҒАН…»
Астана қаласы әкімдігі мен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен көрнекті әдебиеттанушы ғалым, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Рымғали Нұрғали тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.
Салтанатты шара барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев академик Рымғали Нұрғалидың қазақ әдебиетінің дамуына және шәкірт тәрбиелеуге қосқан үлесі туралы айтты. Ал ғалымның рухани інісі, ақын Несіпбек Айтұлы Р.Нұрғалидің ғибратты ғұмыры жайлы естелік айтып, ұстаздық болмысымен қатар, ағалық қамқорлығының да биік болғанын әңгімеледі. Жиынға Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов пен университет ұстаздары және студенттері, сондай-ақ, ғалымның замандастары, достары, шәкірттері қатысты.