МҰЗБАЛАҚ БЕЙНЕСІ – ОТАНДЫҚ АНИМАЦИЯДА
15.10.2018
1530
0

Қазанның 18-інен бастап «Қазақфильм» киностудиясының «Мұзбалақ» толықметрлі анимациялық фильмі отандық прокатқа шығады. Қазақ саятшылық өнері туралы бұл мультфильмінің режиссерлері – Тұрдыбек Майдан және Тілек Төлеуғазы.

Халқымыз бес жасар бүркітті мұ­збалақ деп атайды. Мульттуын­дыға бүркітті «құс патшасы» деп дә­ріптеген көшпенді халықтың қыран құсқа деген сүйіспеншілігі арқау болған. Оқиға желісі бойынша ерте заманда әбжылан оянып, қазақ аулына үлкен апат әкеледі. Қарсы келгенді жалмап, жайпап келе жат­қан жыланмен қыран бүркіт айқа­сып, ініне қуып тығады. Мульт­­фи­льм­­нің мағынасы «біз – қыран тек­ті, қыран мінезді халықпыз» де­генге саяды. «Мұзбалақ» – қос ре­жиссердің ұлттық салт-дәстүр тақырыбындағы екінші жұмысы. Екі жылдан астам уақыт түсірілген бұл коммерциялық жобаға 40-қа жуық отандық анимация маманы атсалысқан. Мультфильмнің ұзақ­тығы – 67 минут. Қазақ тілінде түсіріліп, орыс тіліне дубляж жасал­ған. 70 пайызы – 2D, 30 пайызы – 3D форматында. Барлығы 96 500 сурет салынған. Кейіпкерлерді дыбыстауға театр және кино актер­лері Ержан Жарылқасынұлы, Жанат Тыныбаев, Самат Қордабай, Ерғали Дүй­сенұлы, Алма Әділқызы қа­тысқан.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір