ӘЙГІЛІ АДАМДАРДЫҢ ӨМІР МЕН ӨЛІМ ЖАЙЛЫ ОЙЛАРЫ
21.09.2018
1711
0

Коко Шанель: «Не ексең, соны ора­сың – дегендей, мә­се­лен, адам беті: Сіздің 20 жастағы бетіңіз табиғатпен беріл­ген, ал оның 50 жаста қандай болары – сізге байланысты».
Владимир Маяковский: «Түрлі өлімді жек көремін! Түрлі өмірді жақсы көремін!».
Виктор Пелевин: «Өлім» сөзі өмір­де бізбен үздіксіз болып жататын нәрсенің түсіндірмесі емес пе? Өмір – құру болса, өлім – оның соңы емес пе?».
Стив Джобс: «Өлім Өмірдің ең жақсы өнертабысы іспетті. Ол – өзге­ріс­тің себебі. Ол ескіні құртып, жаңаға жол ашады».
Фредерик Бегбедер: «Өлім – сіздің ор­ганайзеріңізде жазылмаған жалғыз кездесу».
Мұхаммед Али: «Адамның шешесі өлгенде, ол қатты қиналады. Бірақ, уақыт өте оған үйрене бастайды. Өмір де солай!».
Джим Керри: «Өміріміздің ең жақ­сы күндері сонымен қатар ең ауыр болып жататын кездер аз емес».
Роберт Де Ниро: «Өмір мені «осы­лайша» немесе «дәл осылай» ешқашан ештеңе болмайтынын үйретті. Бұлай ешқашан ештеңе болмайды. Өмірде ешбір нәрсе сен жоспарлағандай болмайды…».
Дэвид Линч: «– Мистер Линч, «өм­ір» мен «өлім» деген не? Адам жаңа көлігімен жолда кетіп бара жатыр. Жыл­дам­дығы тұрақты, жылдам емес… Оған қозғалыс ұнайды. Ол өзінің көлі­гін де жақсы көреді, өйткені, тек со­ның көмегімен ол кез келген жеріне оңай жете алады. Ол барлығына риза. Ауа райы мен жыл мезгілдері өзгереді, ал адам әлі жолда келе жатыр. Және ұзақ жүрген сайын, оның көлігі ескіре түсе­ді. Ол тот басып, одан май ағып, «двор­ник­тері» жұмыс істемей қалады. Ақырында көлік біржолата тоқтағанша біршама уақыт өтеді. Ал содан кейін не болады? Адам көліктен шығады».

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір