Кемел Тоқаевтың «СОЛДАТ КҮНДЕЛІГІНЕН»…
21.09.2018
1849
0

16 қыркүйек күні М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында көрнекті жазушы, қазақ детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың «Солдат соғысқа кетті» романының желісі бойынша жазылған «Солдат күнделігінен» атты музыкалық драмасы қойылды. Спектакль – Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қоры мен С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының бірлесе отырып жасаған жаңаша формадағы дүниесі.

Кештің кіріспесін Қазақстан­ның еңбек сіңірген қайраткері, театр режиссері, М.Әуезов атын­да­ғы Қазақ Мемлекеттік академия­лық драма театрының директоры Асхат Маемиров ашып, алғашқы сөз тізгінін Мемлекеттік сыйлық­тың лауреаты, театртанушы Сәбит Оразбаевқа ұсынды. Ол өз сөзінде: «Мәдениет министрлігі еліміздегі театр ұжымдары үнемі бір-бірімен байланыс жасап отыруы тиіс деп айтқан болатын. Сондай-ақ, өңір театрларының қойылымдары қа­сиетті қара шаңырақта көрсетіліп тұруы жайлы да жақсы ұсыныстар жасады. Соның бір парасы осы ғой деп ойлаймын. Кемел ағамыз – де­тек­тив жанрына үлкен үлес қосқан асыл азаматымыз. Шебер кісі еді. Жа­саған еңбектері кейінгі драма­тург, өнертанушыларға әлі талай азық болады деп ойлаймын», – деді.
Мемлекеттік сыйлықтың ие­гері, ақын Нұрлан Оразалин сөз алып, жазушы жайлы ой толғай ке­ле, «Әуезов атындағы қасиетті қа­рашаңырақ – талай жүйріктердің жа­лын сипаған, талай сәйгүлік­тер­ге сәт сапар тілеген өнер ордасы. Бүгін бір ерек­ше жағдай болып отыр. Екі бір­дей алыптың атын иемденген Сәбеңнің театры мен Мұхаңның теат­ры қалай әдемі жарасымды бо­лып тұр. Мұны ұлы әруақтарға көр­сетіліп отырған құрмет деп ба­ғалауымыз керек», – деді.
Сонымен қатар актер, театр ре­жиссері Есмұхан Обаев, ақын, Қазақстан Жазу­шылар одағы бас­қар­ма­ төрағасының орынбасары Бақыт Бе­делхан және жас ре­жиссер Фархад Молдағалиевтар сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға сал­ды. Спек­такльде ұлтжандылық, адамгерші­лік жайы көбірек көрініс тапты. Автор басты рөлді сомдаған Мұ­хам­мед деген кейіпкер арқылы со­ғыстағы өмірін, ағасы Қа­сым, ата-анасы жайлы баяндай­ды. Қаптаған өрт ішіндегі адам пси­хологиясы, жан күйзелісі, та­мұқ­тан көкке, қараңғыдан жарыққа ұмтылған адамның жан азабы қойылымда анық көрінеді. Отан қорғау жолында өлімге бас тіккен ұлт сарбаздарының қаһар­мандық келбетін ашып көрсетеді. Кемел Тоқаевтың роман желісінен туындаған «Солдат күнделігінен» музыкалық драмасының көрермен жастарға берер тағылым мол. Кеш соңында көрерменге қан майдан­дағы адам пси­хологиясын жеткізе білген театр актерлері мен қойы­лым ре­жиссері Фархад Молдаға­лиевтың еңбегі еленіп, мемлекет және қоғам қайраткері Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚР Мәдениет және спорт ми­нистрі Арыстанбек Мұхамедиұлы­ның атынан ықылас гүлі табысталды. Қойылым көпші­лік кө­рерменге ерекше әсер қалдыр­ды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір