Қайсар Әлім әлемі
Алматыдағы Ұлттық кітапханада журналист, жазушы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты, Қазақстан Журналистика академиясының академигі Қайсар Әлімнің 6 кітабының және ол туралы «Қалам киесі» (режиссері Қ.Омар) деп аталатын деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Шығармашылықтағы 55 жылдығына арналған басқосуда «Міржақыптың оралуы. Возвращение Миржакипа» («Мектеп» баспасы) хикаят-сапарнамасының қос тілде жарық көруі – Алаш қозғалысының 100 жылдығына рухани сый болды.
Қалған 5 кітап «Безінген ләйлек» («Ана тілі» баспасы) таңдамалы көркем шығармалары енген; «Өз өрмегім» атты күнделіктерінің қос томдығы («Ана тілі» баспасы); «Қызбелдің Қайсары» («Ана тілі» баспасы) және «Қайсар Әлім» («Ғылым ордасы») атты биобиблиографияға өмірі мен шығармашылығы туралы мақалалар мен эсселер, еңбектеріне қатысты әдеби рецензиялар, мерейтойлық арнау өлеңдер, сондай-ақ ғұмырнамалық хаттар енгізілген. Ал, «Қалам киесі» деректі фильмінде Қ.Әлімнің тұтас бейнесі, Тәуелсіздік жолындағы қызметі, Алаш арыстарының арман-мүддесіне адалдығы, ұлт-азаттық қозғалыстың ақиқатына терең бойлауы, т.б жан-жақты ашылған.
Әбдісағит Тәтіғұлов, Сәбит Байзақов сынды академиктер мен Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып жинақтардың тұсауын кесті. Кешке С.Ақтаев, Ә.Қайырбеков, Ш.Сариев, М.Жақып, т.б танымал тұлғалар қатысты.

Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.