ӘДЕБИЕТТАНУШЫ ҒАЛЫМ ТҰРҒАН ҮЙГЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ
14.09.2018
1058
0

Белгілі әдебиеттанушы, библиограф-ғалым Әбділхамит Нарымбетов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

Шараға партизан-жазушы Әди Шәріповтің жары Клара Мыңжа­са­рова, Абай атындағы Қазақ Ұлт­тық педагогикалық универ­си­те­ті­нің профессоры Темірхан Те­бе­генов, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері Гүлжиһан Орда, әл-Фа­раби атындағы Қазақ Ұлттық уни­верси­тетінің профессоры Жұ­мат Тілеповтер қатысты.
Әбділхамит Нарымбетов – әде­би өмір шежіресін жа­саушы. 1917-2007 жылдар аралығын қамтитын «Әде­би өмір шежіресінің» 7 кітабы мен «Қазақстан Жазу­шылар ода­ғы­на – 60 жыл», «Қазақстан Жазу­шы­лар ода­ғына – 70 жыл» еңбек­те­рі – осы салаға қо­­сыл­ған үлес.
Сонымен бірге он екі томдық «Қазақ совет энцик­ло­педиясы», төрт томдық «Қазақ ССР-і. Қо­сым­ша энцик­­лопедиясы», «Қазақ әдебиеті», Мәскеуде шық­қан «Қыс­қаша әдеби энциклопедия», «Үлкен кеңес энциклопе­дия­сы­ның» жылнама­ларында жария­лан­ған «Қазақстан. Мәдени өмірі, көр­кем әдебиеті мен әдебиеттануы» атты тарау автор­ларының бірі р­е­тін­де танымал.
Игі шараның ашылу салтана­тын Мұхтар Әуезов атын­дағы Әдебиет және өнер иститутының ди­рек­торы, ҚР ҰҒА академигі Уә­лихан Қалижан кіріспе сөзбен аш­ты: «Әбділхамит Нарымбетов қыз­метінің ең­селі бөлігі – әдебиет библиографиясын да­мытуы. Ол библиография саласында еңбек­тене жүріп қырағы көз цензу­раға да ілікті. ХХ ғасырдың жетпісін­ші жыл­­дары студенттерге арналған оқу құралының ішіне С.Асфен­дия­ровтың еңбегін кіргізгені үшін «үш әріптің» қызметкерлері қызметінен қу­мақ болғаны да белгілі. Сол кез­де 1500 данамен шыққан кітапты пы­шаққа туратпай, баспа директо­ры­на тізімдегі «артық» кітапты алып тас­тап, басылымды таратуға болатынын айтып, баспахана шығынын түгелдей өз қалтасынан төлеп құтылған бола­тын. Өмірінің көлемді бөлігін өткіз­ген үйге ескерткіш тақтаның қойы­луы – ғалымға деген құрмет, – деді ол.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір