ҚАЗАҚ БАТЫРЫ БЕЙНЕСІ – АҚШ НАРЫҒЫНДА
АҚШ-та әр жылдың 25 қыркүйегінде Ұлттық комикс күні атап өтіледі. Осы жылы АҚШ нарығында қазақтың «Ермек батыр» атты комиксі пайда болды.
Авторлары – «Tengri Comics» баспасының» жас иелері – Мәдибек Мұсабек (сәулетші), Бекзат Мырзахмет (бағдарламашы) және еліміздің «100 жаңа есімі» тізіміне енген Айдие Айдарбек (режиссер). АҚШ-та әжептәуір рейтинг жинап үлгерген «Ермек батыр» – олардың алғашқы туындылары. Сондай-ақ үш жас АҚШ-та қазіргі заманғы батыр кейпін қазақтың Ертөстігі арқылы жеткізумен айналысуда. Ал өз елімізде алдағы уақытта сюжеті көшпелі қазақ халқының тарихи оқиғаларына негізделген «Ермек батыр» атты кітап жарық көрмек.
Для отправки комментария вам необходимо авторизоваться.