Заңғар жазушы туралы замандастар лебізі
07.09.2018
2647
1

Жазушының отбасы: қызы Аруда, ұлы Алпамыс,
жары – жазушы, драматург Роза Мұқанова


ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы,
мемлекет қайраткері Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ:
Әкім Тарази – әдебиет әлемінде өз орнын ерекше бейнелей алған бірегей жазушы. Сирек кездесетін тұлға. Әкім Тарази қала өмірін, қалада болып жатқан оқиғалы өмірді жазады.
Урбанизация үрдісіне сәйкес ауыл өмірі қала өміріне ойысты. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, мен Әкім Таразиді белгілі түрік жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Орхан Памукқа ұқсатамын. Бірақ Памукпен салыстырар болсақ, Әкім Тарази ағаның философиясы тереңірек, ерекшелігі – шыншылдығында, реалист. Туындыларында оқырмандарды аямайды, шындықтың көрінісін дөп басады. Біздің бүгінгі әдебиетімізде осы тұрғыдан көрінетін жазушыларды көп емес. Сондықтан Әкім Тарази ұлттық әдебиетімізде, әлем әдебиетінде өзінің терең ізін қалдырды деп ойлаймын. Шерхан Мұртаза айтқандай, «жазушының көзі – көкірегінде». Әкім Тарази – жазушы ретінде, драматург ретінде өмірді осы көкірек көзімен таныған суреткер. Ерекшелігі де осында деп білемін.
Өкінішке орай, біз жазушыларымызды шетелге көп паш ете алмай қалдық. Алайда Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша әйгілі жазушылардың туындыларын әлемнің алты тіліне аударатын болдық. Ендеше Әкім Тарази шығармалары шетелде көбірек танымал болады деп сенемін. Себебі, бұ кісінің дүниежүзіндегі ең жоғары сыйлықтарға лайық екеніне ешқандай күмәнім жоқ.


Мырзатай ЖОЛДАСБЕКҰЛЫ:
Кемеліне келген үлкен қаламгер, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әкім Таразидің жеткен биігі – ұясын бұлтқа салған алып қыранның келбетін көз алдымызға келтіреді. Ол – уақыт шежірешісі, асыл сөздің ұстасы, ұлтының мақтанышы, заңғар жазушы, елінің көрнекті қайраткері. Уақыт озады, дәуір өзгереді, бірақ мұндай адамдар халқымен бірге жасай береді.
Әкім Тарази – сегіз қырлы, бір сырлы қаламгер, терең ойдың адамы, философ жазушы, кәнігі зерттеуші, тағылымды тарихшы, көне мұраларымыздың бітікшісі.


Ақселеу СЕЙДІМБЕК:
Ол – алпысыншы жылдары қазақ сахнасына адам мен қоғам туралы айтатын тарихи-романтикалық сарындағы пьесалардың қатарына адам мен қоғамды көрсететін пьесаларды қолдаса көтеріп шыққан драматургтеріміздің бірі.


Баққожа МҰҚАЙ:
Кешегі тоқырау заманының басты дерті – рухани азғындау, қоғамның мазмұнына айналған тоғышарлық тірлік, менің байқауымша, әсіресе, Әкім Тарази шығармаларынан айқын да анық көрінеді.


Әшірбек СЫҒАЙ:
Әкім Тарази көп пьесалар жазды. Пьесаларының ішінде ерекше бағалайтын 2-3 пьесам бар. Олар – «Асау Бөкей», «Жақсы кісі», «Күлмейтін комедия». Міне, осы 3 пьесасы – қазақ әдебиетіне, қазақ драматургия саласына қосылған классикалық үлгі. Бұлар – уақыт өтсе де, өзінің өзекті мазмұнын жоғалтпайтын шығармалар.


Төлен Әбдікпен

Төлен ӘБДІК:

Әкім ағамыз әжептәуір қыз­меттер істеді. Ұзақ жыл Қазақстан Кинематографистер одағын басқарды, І хатшы болды. Сол кез­дің өзінде Әкім ағамыз «Қыз­метте қызыл май болмайық» дейтін. Қазір ойласам, Әкім ағамның бойында сол кездің өзінде заманға деген ішкі протест болыпты. Соңғы жылдардың ішінде бірнеше әңгімелерін өзімнің журналыма бастым. Менің таңғалатыным, Әкім аға баяғы қалпы, тіпті, бұрынғыдан да тереңдей түскен.


Әлия БӨПЕЖАНОВА:
Өз шығармашылығында бүгінгі күн, замандастар тыныс-тіршілігіне, тұрмыс-болмыс шындығына бірегей бет бұрған жазушы – Әкім Тарази.


Валерий МИХАЙЛОВ:
За те два с лишним десятка лет, что мы знакомы, я убедился, что Аким Тарази – очень неравнодушный к текущим временам человек. Свидетель­ство этому – и его художест­венные произведения, и его публицистика.


Виктор БАДИКОВ:
Факел, который зажигает Тарази в своем романсе не только жжет, но, и высвечивает мерзости советского существования. Наверное, по автору, главный пафос романа в этом.


Вера ГАЛАКТИОНОВА:
Ибо сама тайна – есть форма жизни Азии, форма произведений Акима Тарази – высокая тайна искусства.


Әкім Тарази, Қайым Мұхаметханов,
Сайын Мұратбеков

ПІКІРЛЕР1
Аноним 27.04.2020 | 19:49

саламатсыз ба

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір