ХЕМИНГУЭЙДІҢ НЕМЕРЕСІ МӘСКЕУГЕ КЕЛЕДІ
07.09.2018
876
0

Қыркүйектің 7-сі күні Мәскеуде, дәстүрлі түрде Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде Халықаралық кітап жәрмеңкесі өтпек.

31-інші рет өтіп жатқан бұл жәрмеңкенің ерекшелігі сол – оқырман қауым әйгілі америкалық жазушы Эрнест Хемингуэйдің немересі – Джон Патрик Хемингуэймен кездесіп, ашық сұхбаттаса алады. Ал Джон Патрик Мәскеу жұртшылығына өзінің осыдан бірнеше жыл бұрын АҚШ-та жарық көрген атышулы отбасылық мемуары – «Біртүрлі әулет» (««Strange tribe») атты кітабын кеңінен таныстырады. Әкелі-балалы Эрнест пен Грегори Хемингуэйлердің қиын қарым-қатынастары, атақты әулеттің күрделі тарихы ашық баяндалатын аталған шығарманың танымалдығы жыл өткен сайын артып келеді. Автордың айтуынша, Үлкен Хемингуэйдің өмірбаянын жазушылар «адасқан ұл» ретінде көрсетіп келген Кіші Хемингуэй, шындығында, атақты әкесімен сырт көзге қырбайлау көрінгенімен іштей өзгеше сипаттағы байланыста болған. Қытай, испан, чех, болгар, итальян тілдеріне аударылған туынды келер жылы оқырмандарға орыс тілінде жол тартпақ.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір