Еліне болды ардақты
24.08.2018
1345
0

(Әкеміз Бәкен Иманқұлұлының рухына)

Әкеміз Бәкен Иманқұлұлы 1918 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Алғабас ауылында туған. 4 жылдық арабша білімі бар, зерек, ұйымдастыру қабілеті жоғары еді. Еңбек жолын 16 жасында ұжымшарда есеп жүргізуші ретінде бастап, Жалаңаш өңірін, Саты, Таушелек, Көлбастау ауылдарын, кейіннен Ұзынбұлақ, Жалаулы, Жылысай, Ақтасты совхоздарын басқарды. Саналы ғұмырын еңбекке, еліне арнады. Бұл күнде ұрпағы ата жолын сақтап, өнегелі ел азаматтарына айналды.

Еліне болды ардақты,
Тұлға еді сырбаз, салмақты.
Отбасымен шектелмей,
Ойлайтын еді жан-жақты.

Билікке жастай кірісті,
Бәрімен елдің ұғысты.
Көпшілік артқан сенімнен,
Шығу үшін тырысты.

Еңбек етті, тынбады,
Сынар жерде сынбады.
Төбесіне көтеріп,
Халқы оны сыйлады.

Сүйіп жұртын жанымен,
Тең бөлісті барымен.
Ғұмыр кешті бақытты,
Зылихадай жарымен.

Ұрпағына қымбатты,
Өсиетін тыңдатты.
Құрметтеген ұл-қызы,
Әке болды ардақты.

Бұл күндері мұң басқа,
Айтатұғын сыр басқа.
Тірі болса, әкеміз,
Келер еді жүз жасқа.

Кәріміз де, жасымыз,
Аман болсын басымыз.
Аруаққа арнаған
Қабыл болсын асымыз.

Әкеміздің рухына бағышталған ас 25 тамызда туған ауылында өтеді.

Балалары: Раушан-Нұрлыкүн, Күләш-Рымбек, Жамаш, Ләйлә-Ержан, Зияш-Серік, Ержан-Бақытгүл, Ләззат, немере-шөберелері

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір