Жас өнерпаз 7 бірдей жүлдеге ие болды
Жас өнерпаз Әлихан Нұржауов «WCOPA-2024» орындаушылық өнер бойынша өткен әлем чемпионатында, бірден 7 жүлдеге ие болды. Голливудта өткен байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен талантты орындаушылар қатысты. Бұл байқауда Әлихан «актерлік өнер» және «моделинг» номинациялары бойынша өнер көрсетті.
Байқау қорытысында Әлихан Нұржауов үш алтын және үш күміс медаль жеңіп алды. Оған қоса, қазақстандық студентке кәсібилігі мен шеберлігін растайтын арнайы орден табысталды. Нәтижесінде, әлемдік модельдердің үштігіне енген ол, енді әйгілі «Versace» және «Gucci» брендтерімен келісімшарт жасасуды жоспарлап отыр.
Әлемдік байқауда еліміздің атын шығарған Әлихан Алматы қаласында туған. Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк өнері колледжінде театр және кино актері мамандығын меңгеруде. Сондай-ақ ол, жақында актер ретінде дебют жасап, ресейлік сериалда басты рөлді сомдаған.